XI Республикалық студенттік пәндік олимпиада

14.03.2019

Көрулер: 2155

2019 жылдың 29 наурызында Алматы қаласында Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Экономика және бизнес жоғары мектебі, Менеджмент және маркетинг кафедрасы ұйымдастырған «Мемлекеттік және жергілікті басқару», «Менеджмент» және «Маркетинг» мамандықтары бойынша XI Республикалық студенттік пәндік олимпиада өтеді.

Жыл сайын «Мемлекеттік және жергілікті басқару», «Менеджмент» және «Маркетинг» мамандықтары бойынша республикалық студенттік олимпиада өткізіледі. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Қазақстан Республикасының Жобалық менеджерлер Одағымен тығыз байланыста барлық іс-шаралардың ұйымдастырушысы және LG компаниясы, МКА Engineering, Алматы қаласындағы Жастар саясатын дамытудың мемлекеттік қоры демеушілік қолдау көрсетеді.

Қазақстанның 14 аймағынан 135 қатысушылар және 30 команда жетекшілері олимпиадаға қатысады. Менеджмент және маркетинг кафедрасының оқытушылық-профессорлық құрамы, сондай-ақ олимпиада мен демеушілердің өкілдері және жұмыс берушілер қазылар алқасы қатарында жұмыс жасайды.

 

Алматы қ., 050038, Әл-Фараби даңғылы - 71, ГУК 3 Б, Экономика және бизнес жоғары мектебі, Менеджмент және маркетинг департаменті, тел. 8-727-221 12 48. Олимпиада туралы ақпаратты www.kaznu.kz сайтынан білуге болады.

e-mail: Olimpiada.kaznu@gmail.com

 

Олимпиаданың ұйымдастырылуы мен өткізілуіне жауапты «Менеджмент және маркетинг» кафедрасының оқытушысы: Рысбаева Б. Б.

 

Тел: +7 702 102 02 07 Рысбаева Бақытгүл Бақытқызы