«Невада-Семей» қозғалысына 30 жыл

25.02.2019

Көрулер: 1942

Үстіміздегі жылдың 28 ақпан күні әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде «Невада-Семей» қозғалысының 30 жылдығына арналған ауқымды шара өткізіледі.

Оның жұмысына «Невада-Семей» халықаралық антиядролық қозғалысының президенті, Халық жазушысы әрі ақын, Қазақстанның қоғам қайраткері Олжас Сүлейменов, антиядролық қозғалыстың ардагерлері, ҚазҰУ-дың «Невада-Семей» жастар қанаты мен Алматы қаласының жастар ұйымының өкілдері қатысады.

Өтетін орны мен уақыты: Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, ректорат ғимараты, мәжіліс залдың 15 қабаты, басталуы сағат 12:00-де.

 

әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың баспасөз қызметі: 8 (727) 377-31-48 / 49

www. kaznu.kz