Рухани жаңғыру бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында аясында экономика саласындағы мамандарға кәсіби этикалық тәрбие беру
Көрулер: 3052
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Экономика және бизнес Жоғары мектебі барлықтарыңызды 2018 жылдың 22 қарашасында, «Айналаңды нұрландыр» жобасы аясында сағат 15.00 өтетін «Рухани жаңғыру бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында экономика саласындағы мамандарға кәсіби этикалық тәрбие беру» тақырыбына арналған дөңгелек үстелге қатысуға шақырады.
Дөңгелек үстел мақсаты - болашақ мамандарға кәсіби этикалық тәрбие беру мәселелерін талқылау, пікірлер алмасу, тәжірибе бөлісу, тығыз байланыстар орнату, қосымша мүмкіндіктерді іздестіру және ерекше маңызды мәселелерді талқылау барысында пікірталас жасау. Кездесуге болашақ мамандарға кәсіби этикалық тәрбие беру мәселелерінде ортақ шешім табу жолдарын іздестіруді мақсат еткен, өзге де өзекті ,мәселелерді талқылап, пікір алмасуды қалайтындарға мүмкіндік беру үшін, аудиторлық қызметтің үздік қәсіпқойлары, Қазақстанды халықаралық деңгейде танымал етіп, үлкен жетістіктерге қол жеткізген белгілі тұлғалар, оның ішінде Қазақстан Республикасы аудиторлар палатасының президенті, «BDO Kazakhstan» ЖШС бақылау кеңесінің төрағасы Сапар Хайсаханович Кошкинбаев, Қазақстан Республикасы аудиторлар палатасының атқарушы директоры Ақан Арыстан; - «Қазақстан Республикасы қаржылық мамандар палатасының» бухгалтерлердің кәсіби бірлестігі басқармасының төрағасы, ҚР аудиторлар палатасының құрметті мүшесі, ҚР қаржы министрлігінің кеңес беру органының мүшесі, АҚШ CIPAENInc төрағасы, «UENET» ЖШС директоры Дмитрий Александрович Шютц шақырылды.
Өткізу орны: Алматы қ., әл-Фараби даңғылы 71, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, ЭжБЖМ 201 мәжіліс залы.






