ІІ Халықаралық журналистика форумы өтеді
Көрулер: 3496
Alma-Mater of Journalism клубы «Журналистика бойынша білім беру бағдарламалары модельдері: кәсіби стандарттар интеграциясы» тақырыбында ІІ Халықаралық журналистика форумын өткізеді.
Форумның ашылуы 24-25 қараша аралығында Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінде академиялық пікірталас түрінде өтеді.
Журналистика бойынша білім беру бағдарламалары: дамыту және үндеулер:
• Білім беру бағдарламаларының ұлттық моделі;
• Major-Міnоr білім беру бағдарламаларын енгізу;
• Медиа білім беруде пәнаралық тәсіл;
Медианарыққа маман дайындаудағы практикалық құзыреттіліктер:
• Студенттердің медиалық шеберханадағы практикалық дағдылары;
• Цифрлы құзыреттілік және практикадан өтудің тиімді технологиялары;
• Пәнаралық тәсіл және практика бағдарламаларын үйлестіру;
Студенттердің ой-өрісінің жаңа тәсілі:
• Студенттің ой-өрісі мен мінезі;
• Студенттердің ой-өрісін кеңейту және медиалық құралдар;
• Студенттердің цифрлы өмір сүру стилі және мәдениетаралық қарым-қатынасы;
Журналистика кафедрасы оқытушыларының біліктілігін арттыру мәселесін ынталандыру және күшейту:
• Журналистиканы оқыту саласындағы коммуникативтік трендтер;
• Оқытушылардың біліктілігін арттыру және қайта даярлау мәселелері мен мүмкіндіктері;
• Бағдарламаларды ілгерілету және профессорлық-оқытушылық құрамның ғылыми-педагогикалық құзыреттерін күшейту;
Форумға ҚР БҒМ және ҚР АКМ, ҚР ЖОО журналистика кафедрасының өкілдері, БАҚ мамандары, Қазақстан, Қырғызстан және Тәжікстан университеттерінің ғалымдары, студенттері, магистранттары мен докторанттары қатысады.
Материалдар 2018 жылдың 14 қарашасына дейін қабылданады.






