«Al-Farabi SmartUniversity блогтур»
Көрулер: 3872
2018 жылдың 29-30 қараша аралығында ҚазҰУ-да «Al-Farabi SmartUniversity блогтур» жұмысын бастайды.
Блогерлер ғұлама ғалым әл-Фарабидің қайырымды қала туралы іліміне негізделген «Al-Farabi university – smart city» ғылыми-инновациялық даму моделімен танысады. Екі күндік бағдарлама аясында блогосфераның танымал өкілдерімен кездесулер, көрнекті ғалымдар, кәсіпкерлер, журналистердің шеберлік-сыныптары өтеді. Блогерлер университет кампусымен танысады. Блогтурға еліміздің өңірлерінен жас журналистер, блогерлер қатыса алады.
Ғұлама ғалым әл-Фарабидің қайырымды қала туралы іліміне негізделген «Al-Farabi university – smart city» ғылыми-инновациялық жобасы. Университеттің жаңа моделі технологиялық және рухани-танымдық платформаларды қалыптастырады. Ақылды университеттер – интелектуалды ұлт кепілі, Smart-қалалар, ақылды ел негізі.
Толық ақпарат алу үшін журналистика факультеті Баспасөз және электронды БАҚ кафедрасының меңгерушісі Гүлмира Сұлтанбаева +77242211492, ұя.тел: +77073777049; e-mail: Gulmira.Sultanbayeva@kaznu.kz, sultanbaeva@gmail.com; журналистика факультеті PhD докторанты Әйкерім Әлімжановамен байланысуға болады +77073909790, aikerim.alimzhan@gmail.com






