Жоғары білім жүйесіндегі сапа
Көрулер: 3250
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті негізінде 2018 жылдың 21 қыркүйегінде өтетін «Жоғары білім жүйесіндегі сапа» атты XVI Азиялық сапа бойынша конгресс аясындағы халықаралық симпозиумның жұмысына қатысуға шақырамыз.
Симпозиум Халықаралық сапа академиясы (IAQ, USA) мен Қазақстан сапа және инновациялық басқару ұйымымен (KOQIM, Kazakhstan) біріге отырып өткізіледі.
Іс-шараның негізгі мақсаты жоғары білім жүйесіндегі сапа мәселелері бойынша диалогты дамыту мен іске асыру болып табылады.
Болон үрдісіне қосылғаннан кейін, ҚазҰУ еліміздің жетекші университеті ретінде әлемдік білім кеңістігідегі интеграцияға және әлемдік сапа стандарттарына білім беру саласындағы әлемдік сапа стандарттарына қарай және жоғары білім саласындағы ең үздік тәжірибелерге қарай бой бұрды. Еуропа мен Азиядағы жоғары білім беру жүйесіндегі жаңа жаһандық және аймақтық трендтер мен мәселелер жоғары білім беру сапасын арттыруды және онымен тұрақты жұмыс жасауды талап етеді. ҚазҰУ негізінде симпозиум өткізу отандық және АҚШ, Қытай, БАӘ, Оңтүстік Корея және т.б. елдердің жетекші университеттерінің тәжірибесін негізге ала отырып, жоғары білім беру сапасының өзекті мәселелерін және жаңа үрдістерді талқылауға және кең ауқымда академиялық және ғылыми қоғамдастықты тартуға мұмкіндік береді.
Өтетін орны: Механика-математика факультетінің Қызыл залы
Өтетін уақыты: 14.30-17.00
Тіркелу: 14.00
Ұйымдастырушылар: Білім беру бағдарламаларының сапасы және аккредитациялау орталығы, Аккредитация және лицензия қызметі.
Байланыс ақпараты: Аккредитация және лицензия қызметі, Деловарова Л.Ф., 377-33-33 (1459), +7 701 365 88 08.






