Жас сарбаздар ант қабылдайды
22.08.2018
Көрулер: 3954
25 тамызда әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің стадионында ҚазҰУ әскери кафедрасында запастағы офицерлерді даярлау бағдарламасы бойынша даярлықтан өткен студенттердің салтанатты әскери ант қабылдау шарасы өтеді.
Салтанатты шараға Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің ардагерлері, университет басшылығы және қоғам қайраткерлері қатысады. 2018 жылы әскери антты 700-ден астам студент қабылдайды, оның 72-і қыздар.
Өтетін орны: ҚазҰУ стадионы, басталуы сағ 10:00






