«Жоғары білім мен ғылымның жаһандануының бірегейліктің дамуына әсері»
03.04.2018
Көрулер: 2668
Cәуірдің 3-ші жұлдызында философия және саясаттану факультетінің әлеуметтану және әлеуметтік жұмыс кафедрасы V Халықаралық Фараби Форумының аясында «Жоғары білім мен ғылымның жаһандануының бірегейліктің дамуына әсері» тақырыбында пікірталастық алаң өткізеді.
Іс-шара мақсаты – жаһандану және информациялық технологиялардың даму контекстіндегі білім берудің тиімді ұлттық жүйесін қалыптастыру бойынша ғылым мен білім және индустрия өкілдерінің арасында диалог құру.
Уақыты мен орны: 14.30 сағ. Алматы қ., әл-Фараби даңғылы, 71/27, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің Ғылыми кітапханасы, № 304 зал.






