«Медицина және қоғамдық денсаулық сақтаудағы заманауи мәселелер»

02.04.2018

Көрулер: 3619

 

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің Медицина факультеті -ҚДСЖМ V халықаралық Фараби оқулары шеңберінде Бүкіләлемдік денсаулық сақтау ұйымының 70 жылдығына арналған «Медицина және қоғамдық денсаулық сақтаудағы заманауи мәселелер» II Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өткізеді.

Биыл Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (ДДСҰ) құрылғанына 70 жыл толады. ДДСҰ құрылғанының құрметіне жыл сайын 7-сәуірде Дүниежүзілік денсаулық күні атап өтіледі және V халықаралық Фараби оқулары денсаулық сақтауға арналған үлкен және ұзақ мерзімді науқаннан басталады. Денсаулық сақтау, алғашқы медициналық-санитарлық көмек, инфекциялық және инфекциялық емес аурулардың эпидемиологиясы, денсаулық сақтау жүйесін басқару, денсаулықты нығайту және аурудың алдын-алу мәселелері қарастырылатын болады.

Конференцияның басты мақсаты - халықты денсаулық сақтау саласындағы шешімдерді қабылдау үшін нақты және сенімді зерттеу деректерімен, нақты материалдармен, ақпаратпен және деректермен қамтамасыз ету арқылы халықтың денсаулығын жақсартуға жәрдемдесу.

Конференцияның негізгі тапсырмасы:

1)         Қазақстан Республикасында медицина мен денсаулық сақтауды дамытудағы ғылыми мәселелер, тәжірибелер мен үрдістер туралы тәжірибе мен пікір алмасу;

2)         денсаулық сақтау және медицина саласындағы ғылыми мәселелерді шешуге тәжірибелі мамандарды тарту;

3)         қоғамдық денсаулық сақтау мен медицина өзекті мәселелерін талқылау үшін пікірталас алаңын құру;

4)         қоғамдық денсаулық сақтау және медицина проблемаларын шешу үшін бастамашылық топтарды қалыптастыруда көмек көрсету.

         Конференция ғылыми қоғамдастықтың ақпараттық алмасуын құру, халықаралық ынтымақтастықты дамыту, Қазақстанның әлемдік ғылыми қоғамдастыққа интеграциялануына арналған бірегей алаң бола алады. Конференция аясында пленарлық мәжілістер, тақырыптық секциялар, постердік презентациялар, сондай-ақ жоғары оқу орындарында танымал ғылыми дәрістердің жетекші ғалымдарының оқуы жоспарлануда.

Конференцияның негізгі бағыттары:

1.         Әлемдік денсаулық сақтау Ұйымы: планетамыздың денсаулығына 70 жыл қызметте.

2.         Қазіргі кезеңдегі медициналық білім

3.         Қоғамдық денсаулық пен денсаулық сақтаудағы өзекті мәселелер

4.         Медицинаның ертеңгі күні: қазіргі уақыттағы көрініс

5. СӨС, дене шынықтыру, спорт және спорттық медицинаның теориялық және тәжірибелік аспектілері

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының 70 жылдығына арналған «Медицина және қоғамдық денсаулық сақтаудағы заманауи мәселелер» II Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің базасында, 2018 жылдың 6-сәуірінде өтеді.

Конференцияға қатысушылар: Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі, Денсаулық сақтау министрлігі, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының Орталық Азия кеңсесі қолдауымен, С.Д. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ және Қазақстанның басқа да университеттеріның қатысуымен өтеді.