"Фараби әлемі"

12.03.2018

Көрулер: 5938

ҚазҰУ-да сәуір айының 9-12 күндері аралығында өтетін «Фараби әлемі» атты студенттер мен жас ғалымдардың халықаралық ғылыми конференциясына қатысуға шақырады. Конференцияға Қазақстан Республикасының және ТМД елдерінің студенттері, магистранттары және жас ғалымдары шақырылады.

Онда ғылымның әр түрлі саласындағы ғылыми жаңалықтарының теориялық, тәжірибелік және қолданбалы сипаттағы баяндамалары қарастырылатын болады.  

Конференция келесі факультеттерде өтеді:

  1. Биология және биотехнология факультеті;
  2. Экономика жәнe бизнес жоғары мектебі;
  3. Журналистика факультеті;
  4. Механика-математика факультеті; 
  5. Шығыстану факультет;
  6. География және табиғатты пайдалану факультеті;
  7. Жоғары оқу орнына дейінгі білім беру факультеті;
  8. Тарих, археология және этнология факультеті;
  9. Халықаралық қатынастар факультеті;
  10. Филология және әлем тілдері факультеті;
  11. Философия және саясаттану факультеті;
  12. Химия және химиялық технология факультеті;
  13. Физика-техникалық факультеті;
  14. Заң факультеті;
  15. Медициналық факультет – Қоғамдық денсаулық сақтау жоғары мектебі;

Сонымен қатар «Фараби әлемі» атты студенттер мен жас ғалымдардың ғылыми конференциясының жабылу салтанаты аясында студенттік бизнес инкубаторлардың инновациялық жобаларының байқауы, сондай-ақ студенттер мен жас ғалымдарды түрлі номинациялар бойынша марапаттау рәсімі өтеді.

Ұйымдастырушылар: әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Ғылым және инновациялық қызмет жөніндегі департамент.

Мекен-жайы Әл-Фараби даңғылы 71.