«Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын іске асыруда геодезияның рөлі

28.02.2018

Көрулер: 3567

2018 жылдың 6 наурызында ҚазҰУ-да шетелдік навигациялық жүйелерін әзірлеушісі мен өндіруші CHCNAV брендімен Shanghai HuaCe Navigation компаниясының қатысуымен «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын іске асыруда геодезияның рөлі» атты I халықаралық ғылыми-практикалық семинар өтеді.

Семинардың қарастыратын сұрақтары: саланы жаңғырту бағдарламасын табысты іске асыруды, саланың заманауи талаптарына сай келетін стандарттар мен әдістерді дамыту және оларды елдің экономикасының нақты секторында жүзеге асыруды қамтамасыз ету мақсатында Қазақстанның ғылыми-тәжірибелік геодезиялық қоғамдастығын біріктіру.

Ұйымдастырушылар: География және табиғатты пайдалану факультетінің география, жерге орналастыру және кадастр мен картография және геоинформатика кафедралары, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің Геоинженерия және табиғатты пайдалану жобалау ҒЗИ.

Өткізу уақыты: 9.00 – 14.00

Өтетін жері: Алматы қ-сы, әл-Фараби даңғылы 71, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университет, кітапхана, №409