Тарихи күн. ХАҚ Невада-Семейдің құрылған күні
Көрулер: 2855
28 ақпан күні Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ «Невада-Семей» жастар ұйымының ұйымдастыруымен «Тарихи күн. ХАҚ Невада-Семейдің құрылған күні» атты тақырыпта дөңгелек үстел өтеді.
Дөңгелек үстел аясында Семей ядролық полигонындағы жарылыстардың тарихы, экологиялық мәселелердің шешу жолдары талқыға салынып, «Невада-Семей» қозғалысының 29 жыл ішінде жеткен жетістіктері қарастырылады. Аталмыш шараға әл-Фараби атындағы ҚазҰУ «Невада-Семей» жастар ұйымының өкілдері, ғалымдар, студенттер мен оқытушылар және БАҚ қатысады.
Жабылғанына 29 жыл болған Семей полигонының зардаптары әлі де болсын азаяр емес. Осыған байланысты 2016 жылдың 1 қарашасында әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-де «Невада-Семей» жастар ұйымы құрылған болатын. Аталмыш жастар ұйымының қызметі ядролық қарудың сынақтарының салдарынан болған көптеген экологиялық мәселелердің шешімін табу үшін, еліміздің жастарының басын біріктіріп, «Невада-Семей» қозғалысының идеяларын насихаттау болып табылады.
Өтетін жері мен уақыты: Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ география және табиғатты пайдалану факультеті 225 ауд. 28 ақпан сағат 14 :30






