2018 оқу жылында әскери кафедраға оқуға түсу тәртібі
Көрулер: 26718
Қазақстан Республикасының 25 жасқа дейін азамматтарына, күндізгі оқудың 1-ші курс студенттеріне, тіркелу куәлігінде "әскери қызметке жарамды" деген жазбасы бар және запастағы офицерлерді даярлау бағдарламасы бойынша оқудан өту үшін байқау іріктеуіне қатысқысы келетіңдерге, осы мекен-жай бойынша әскери кафедраға өтініш беру үшін келу: Төле би көш., 96 (Байтұрсынов көш.қиыл.).
1. Өтініштерді қабылдау мерзімі - 2018 жылдың 12 ақпанынан 20 мамырына дейін.
Өзімен бірге:
- тіркелу куәлігі (тұпнұсқасы мен көшірмесі);
- жеке куәлігі (тұпнұсқасы мен көшірмесі);
- сынақ кітапшасы немесе студенттік билет;
-сотталмағандығы туралы анықтама;
- 3х4 сүреті - 1 дана.
2. 2018 жылдың 31 мамырына дейін мерзімінде қорғаныс істері бойынша басқармаларында тіркелу орны (әскери комиссариат) бойынша медициналық қараудан өту.
3. Кәсіби-психологиялық жарамдылықты және дене дайындығы деңгейін анықтау тексерісі әскери кафедрада жүргізіледі. Кәсіби-психологиялық тестілеу және дене дайындығы деңгейін анықтау мерзімі қосымша ескертіледі.
4. Дене дайындығы нормативтері келесі параметрлер бойынша қабылданады:
- студент - ұл балалар үшін: 3000 метрге жүгіру, 100 метрге жүгіру, кермеде тартылу;
- студент - қыздар үшін: 2000 метрге жүгіру, 100 метрге жүгіру, арқаға жатып қолды бастын артына келтіріп дене тұрқын көтеру.
|
Студент– ұл балалар үшін |
Студент-қыздар үшін |
|||||||
|
№ р/с |
Жаттығу |
Балл |
Жаттығу |
Балл |
||||
|
5 |
4 |
3 |
5 |
4 |
3 |
|||
|
1. |
100 м (с) жүгіру |
14,2 |
14,5 |
15,0 |
100 м (с) жүгіру |
16,0 |
16,5 |
17,0 |
|
2. |
3000 м (мин) жүгіру |
13,00 |
15,00 |
16,00 |
2000 м (мин) жүгіру |
10,00 |
11,3 |
12,2 |
|
3. |
Биик кермеде тартылу (бірнеше рет) |
12 |
10 |
8 |
Арқаға жатып, қолды бастын артына келтіріп дене тұрқын көтеру. |
25 |
20 |
15 |
Үш нормативтерді тапсыру бойынша 8 балл жинамаған студенттер, іріктеудің нақты этапынан (кезеңінен) өтпеген боп есептеледі.
Әл-Фараби ат. ҚазҰУ әскери кафедрасының әкімшілігі






