Алма Қыраубаеваның 70 жылдығы

22.11.2017

Көрулер: 3717

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің филология және әлем тілдері факультеті 2017 жылдың 24 қарашасында өтетін филология ғылымдарының докторы, профессор Алма Қыраубаеваның 70 жылдығына арналған «Қазақ әдебиеттану ғылым және ұлттық педагогика» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференция  өтеді.

Конференция мақсаты белгілі қоғам қайраткері, филология ғылымдарының докторы, профессор Алма Қыраубаеваның ғылыми-зерттеу және оқу-әдістемелік мұрасын қазіргі заман тұрғысынан терең тану арқылы ҚР Президенті-Елбасы Н. Назарбаевтың «Рухани жаңғыру» атты бағдарының негізінде тәуелсіздік кезеңіндегі жаңа дәуірдегі ұлттық педагогиканың қалыптасу ерекшелігін бағамдау, ұлттық үлгідегі мектептердің ашылуының мәнін зерделеу, А.Қыраубаеваның ұлт зиялысы ретіндегі, әдебиет тарихын зерттеуші ретіндегі қайраткерлік, шығармашылық қызметінің қазақ қоғамының әдеби-мәдени даму үдерісіндегі тарихи орнын айқындау болып табылады.

 

Конференция қонақтары:

Оразалин Нұрлан Мыркасымұлы – ҚР Жазушылар Одағы басқармасының төрағасы

Бейсенова Шарбану Қонақбайқызы – жазушы, Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының иегері, Қазақстан Республикасының Еңбек сіңірген қайраткері

Қойгелдиев Мәмбет Қожабайұлы тарих ғылымдарының докторы, профессор, ҚР ҰҒА академигі, Қазақстан тарихшылар ассоцияциясының президенті

Ергөбеков Құлбек Қ.А. Ясауи атындағы ХҚТУ-дің вице-президенті, филология ғылымдарының докторы,  профессор

 

Конференция шеңберінде келесідей мәселелер қарастырылады:

1. А.Қыраубаева – ғалым, ұстаз және педагог; 

2. А.Қыраубаеваның ғылыми-зерттеу және оқу-әдістемелік мұралары;

3. А.Қыраубаева және ежелгі әдебиеттің келелі мәселелері;

 

Конференциян өткізу орны: Алматы қ., Әл-Фараби даңғ., 71, әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлтық университеті ректоратының 15 қабатындағы конференц-залында өтеді.

Конференцияның басталуы: Астана уақытымен 11.00.

Барлық мәселе бойынша мына номерге хабарласыңыздар: Тел.: +7 (727) 377 33 37 (1221, 1330), немесе мына e-mail: esoltanaeava@mail.ru