ХV Республикалық пікірсайыс турнирі

03.11.2017

Көрулер: 3220

Нұр Отан» партиясының ауыспалы кубогіне арналған

ХV Республикалық пікірсайыс турнирі

2017 жылғы 4 - 5 қазан аралығында «Нұр Отан» партиясы жанындағы «Жас Отан» Жастар қанатының ұйымдастыруымен Алматы қаласында «Нұр Отан» партиясының ауыспалы кубогіне арналған ХV Республикалық пікірсайыс турнирі өтеді. Іс-шараның ашылу рәсімі 4 қазан, сағат 11.00-де Қазақ ұлттық университетінің әл-Фараби кітапханасында өтеді.

Турнирдің негізгі қарарлары –  қазақ тілінің латын жазбасына көшуі, рухани жаңғыру, Цифрлы Қазақстан және волонтерлік қызметті дамыту.

Турнир дәстүрлі болып табылады және жыл сайын еліміздің әр түкпірінен қазақ және орыс лигаларында ең үздік пікірсайысшыларын жинайды. Пікірсайыс турниріне қабылдаушы аймақтан басқа барлық облыстар, сондай-ақ Астана қаласы бойынша іріктеу жеңімпазы атанған командалар қатысады.

Турнир жеңімпаздарына бағалы сыйлықтар, марапаттау қағаздары және «Нұр Отан» партиясының ауыспалы кубогі тапсырылатын болады. Келер жылы дәстүрлі пікірсайыс турнирін өткізетін аймақ кубоктің иегері анықталғаннан кейін белгілі болады. Жеңімпаз атанған аймақ командасы партияның ауыспалы кубогіне арналған ХV Республикалық пікірсайыс турнирін өткізеді.

 

Анықтама:

Ең алғашқы турнирді 2003 жылы Оңтүстік Қазақстан облысы жеңіп алды. Сондай-ақ ауыспалы кубокты Астана қ. (3 рет), Алматы қ., Шығыс Қазақстан, Алматы, Ақмола (2 рет), Қарағанды, Қостанай облыстары жеңіп алған болатын.

Алматы қаласының пікірсайысшылары 2016 жылы Астана қаласында өткен «Нұр Отан» партиясының ауыспалы кубогіне арналған ХV Республикалық пікірсайыс турнирінің кубогін иеленіп, келесі турнирді өткізу құқығын Алматы қаласына әкелген болатын.

 

Өтетін уақыты: 4 қараша, сағат 11:00 

Өтетін орны: Алматы қ., әл-Фараби даңғылы 71/27, әл-Фараби кітапханасы 

Қосымша ақпарат: +7 707 777 2632 Мади Ахметов