«Құндылықтарға бағытталған жолдағы интернационализация жетістіктері»

28.09.2017

Көрулер: 3506

2017 жылы 2-3 қазанда әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да Университеттердің Ұлы Хартиясы обсерваториясы мен ҚР Білім және ғылым министрлігі қолдауымен Университеттердің Ұлы Хартиясының 19-мерейтойы аясында «Құндылықтарға бағытталған жолдағы интернационализация жетістіктері» атты семинар өтеді.  

Семинардың мақсаты: Орталық Азия аймағы университеттеріне құндылықтарға негізделген,  Университеттердің Ұлы Хартиясында бекітілген және оған қызығушылық танытушы елдер үлкен үміт күтіп отырған интернационализация стратегиясының артықшылықтарын қолдануға мүмкіндік беру.  

Шараға Университеттердің Ұлы Хартиясы обсерваторияларының жетекшілері, ҚР БжҒМ өкілдері, Орталық Азия аймағы ЖОО-ларының ректорлары және білім саласындағы халықаралық ұйымдардың мүшелері қатысады.

Сайт бойынша тіркелу: www.magnacharta.kaznu.kz  

Семинар соңында қатысушыларға сертификаттар берілетін болады.

 

Өтетін орны: Алматы қ. Әл-Фараби 71, Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың кітапханасы, 4-қабат, актілік зал

Өтетін уақыты: 2017 жыл 2-3 қазан, тіркелу 09.00-де басталады

 

Баспасөз қызметінің телефоны: +7 (7272) 3773148    

Ұйымдастыру комитеті

 

Байланыс телефоны: +7 (7272) 3773446

 

Zholdybekova.Bazargul@kaznu.kz,