Мұхтар Әуезовтің 120 жылдығына арналған халықаралық конференция

27.09.2017

Көрулер: 5032

Әл-фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде 29 қыркүйек күні қазақ әдебиетінің классигі, көрнекті ғалым, академик М.О. Әуезовтің 120 жылдығына арналған «М.О. Әуезов және әлем әдебиеті» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясы өтеді.

Конференцияның мақсаты: отандық және шетелдік ғалымдармен пікір алмаса отырып заманауи әлемде қазақ әдебиетінің классигі Мұхтар Омарханұлы Әуезовтың қалдырған мұрасының ролі мен маңыздылығын ашып тану.

Видео конференция аясында талқыланатын мәселелер:

- қазақ әдебиетінің тарихын зерттеудегі өзекті мәселелер және М. Әуезовтың қазақ жазушыларының шығармашылығына әсер етуінің ерекшеліктері;

- заманауи аударматанудың өзекті мәселелері;

- әлемдік әдебиеттің даму тенденциясы;

Конференцияның өтетін мекенжайы: Алматы қаласы, әл-Фараби даңғылы, 71, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Әл-Фараби атындағы кітапханасының 4 қабаты, 3 мәжіліс залы.

Басталу уақыты мен күні : сағат 11:00-де, 29 қыркүйекте.

Байланыс телефондары: тел.: +7 (727) 377 33 37 (1221, 1330), немесе e-mail: esoltanaeava@mail.ru