Оқиғалар мен анонстар

«Керемет» студенттерге қызмет көрсету орталығында әлеуметтік дүкеннің ашылу салтанаты өтеді

10.03.2016

Алматы қаласының 1000 жылдығына орай және «1000 қайырымды іс» жобасы аясында Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің «Керемет» студенттерге қызмет көрсету орталығында әлеуметтік дүкеннің ашылуы өтеді. ҚазҰУ-дағы «Керемет» СҚКО – әлем кеңістігінде теңдесі жоқ университет көлемінде қызмет ететін сервистік орталық. Бұндай орталықтың ашылуына ұлы ойшыл Әл-Фараби бабамыздың бақытқа жету жолында бір-біріне қол ұшын беретін «Қайырымды қала тұрғындары» атты тұжырымдамасы себепкер болған. Тұжырымдама елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың қоғамдағы берекені сақтау идеясына негіз болып, университетіміздің әрекет етудегі басты ұстанымына айналып отыр.

Ары қарай оқу >>

Cтуденттік конференция “БҰҰ Моделі – Жаңа Жібек Жолы”

10.03.2016

Cтуденттік конференция “БҰҰ Моделі – Жаңа Жібек Жолы”.

Бұл Орталық Азиядағы БҰҰ-ның жұмысының ірі имитацисы болып табылады, сондай-ақ ол Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан, Түркменстан, Пәкістан, Ауғанстан, Үндістан, Италия, Франция, Нидерланды және басқа да елдердің қатысушыларын қамтиды.

Ары қарай оқу >>

«Әл-Фарабидің қайырымды қаласы және болашақ ұрпақ тәрбиесі» атты дөңгелек үстел өтеді

01.03.2016

ҚР Тұңғыш Президенті Н.Ә. Назарбаевтың «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол» атты халыққа Жолдауының аясында Алматы қалалық және аудандық «Жастарға рухани-адамгершілік және патриоттық тәрбие беру комиссиясы» мүшелерінің қатысуымен «Әл-Фарабидің қайырымды қаласы және болашақ ұрпақ тәрбиесі» атты дөңгелек үстел өтеді.

Ары қарай оқу >>

«Жүсіп Баласағұнидың түркі әлемі мәдениетіне қосқан шығармашылық үлесі» атты халықаралық ғылыми-теориялық конференция өтеді

29.02.2016

Әл-Фараби кітапханасында ұлы ойшыл, ғалым және ақын Жүсіп Баласағұнидың 1000 жылдық мерейтойына орай «Жүсіп Баласағұнидың түркі әлемі мәдениетіне қосқан шығармашылық үлесі» атты халықаралық ғылыми-теориялық конференция өтеді

Ары қарай оқу >>

Ақпарат күні

27.02.2016

Физико-техникалық, механико-математикалық, химия және химиялық технология факультеттерінің оқытушылары мен студенттерін оқу, ғылыми және көркем әдебиет салаларындағы ең қызықты жаңа кітаптармен, замандастардың туындыларымен және мерзімді басылымдармен танысуға, сонымен қатар кітапхананың деректер қоры мен ақпараттық-анықтамалық қызметтері бойынша ақпарат алуға шақырамыз.

Ары қарай оқу >>

Өмірбек Арысланұлы Жолдасбековтың туғанына 85 жыл

23.02.2016

Көктемнің алғашқы күнінде әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде техника ғылымдарының докторы, профессор, механик-ғалым, Қазақ КСР Ғылым академиясының және ҚР Ұлттық ғылым академиясының академигі, көрнекті мемлекет, саяси және қоғам қайраткері, ҚР жоғары білімі мен ғылымының бас ұйымдастырушысы, Қазақ КСР еңбек сіңірген қайраткері, Қазақ КСР мемлекеттік сыйлығының лауреаты Өмірбек Арысланұлы Жолдасбековтың туғанына 85 жыл толуына орай мерекелік іс-шара өтеді.

Ары қарай оқу >>

Университет оқытушылары мен қызметкерлері назарына

22.02.2016

Құрметті әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің оқытушылары мен қызметкерлері!

Халықаралық ынтымақтастық департаментi Кадис Университетінің оқытушылық ұтқырлық, біліктілікті арттыру мақсатындағы ұтқырлық және Erasmus + бағдарламасы аясында тәжірибе алмасу шәкіртақысын алу жөнінде байқау жариялайды.

Ары қарай оқу >>

"Аударма және мәдениетаралық қарым-қатынас" біліктілікті арттыру курсы

18.02.2016

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті филология және әлем тілдері факультеті шетел филологиясы және аударма ісі кафедрасындағы Аударма орталығы ҚазҰУ-дың Біліктілікті арттыру институтымен бірлесе отырып ЖОО оқытушылары және аудармашыларға арналған "Аударма және мәдениетаралық қарым-қатынас" тақырыбында біліктілікті арттыру курсын өткізеді.

Ары қарай оқу >>