Оқиғалар мен анонстар

Спорттық медицинаның өзекті мәселелері

30.11.2016

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің медицина факультеті, дене шынықтыру және спорт кафедрасы, Халықаралық спорт, спорт медицинасы және оңалту институты Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің  25 жылдығына орай «Спорт медицинасының өзекті мәселелері» тақырыбында халықаралық ғылыми – практикалық конференция өткізеді.

Ары қарай оқу >>

Станислав Шмелевтың кітабының тұсау кесері өтеді

29.11.2016

30 қараша күні  Экономика және Бизнес жоғары мектебінде PhD докторы,  «Environment Europe» мемлекеттік емес мекемесінің  (Оксфорд, Ұлыбритания) директоры Станислав Шмелевтың кітаптарының тұсау кесері өтеді.  

Ары қарай оқу >>

«Қазақстан-Германия» қысқы мектеп өтеді

25.11.2016

Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 25-жыл толуына орай халықаралық қатынастар факультетінде DAAD қолдауымен «Қазақстан-Германия: неміс дәстүрлері, неміс тілі, ынтымақтастық» тақырыбында Қысқы мектеп өтеді.

Ары қарай оқу >>

«Мен жастарға сенемін!»

25.11.2016

29 қараша күні әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да Қазақстан Тәуелсіздігінің 25-жылдығы және Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президент күніне арналған «Мен жастарға сенемін!» атты студент жастардың республикалық IV патриоттық форумы өтеді. Байқауға қатысуға еліміздің 70 жоғары оқу орнынан 1,5 мыңнан  астам студент өтініш білдірген.

Ары қарай оқу >>

Болашағымыз – бірлікте!

23.11.2016

2016 жылдың 25 қарашасы күні сағат 15.00-де әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық  университетінде Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған жас кәсіподақ белсенділерінің «Болашағымыз – бірлікте!» атты IV форумы өтеді.

Ары қарай оқу >>

Қазақстан мен Ирандағы ғылым және білім саласындағы зерттеулердің жаңа әдістері

22.11.2016

Шығыстану факультетінде 2016 жылдың 28 қараша - 30 қараша аралығында Мазендаран (Иран) университетінің профессоры Мостафи Рустами мырзаның қатысуымен «Қазақстан мен Ирандағы ғылым және білім саласындағы зерттеулердің жаңа әдістері» атты ғылыми семинар өтеді.

Ары қарай оқу >>

Мегаполис жағдайындағы дін атын жамылған экстремизмнің алдын алу

21.11.2016

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Алматы қаласы Дін істері жөніндегі басқармасымен бірге  «Мегаполис жағдайындағы дін атын жамылған экстремизмнің алдын алу» тақырыбында халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясын өткізеді.

Ары қарай оқу >>