«Қазіргі араб лингвистикасындағы өзекті мәселелер және араб тілін оқытудың жаңа инновациялық әдістері»
20.04.201823.04.2018-06.05.2018 ж. уақыт аралығында Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Шығыстану факультеті Таяу Шығыс және Оңтүстік Азия кафедрасына шетелден шақырылған профессор Мутайр Хусейн әл-Малики Қазақстан ЖОО магистранттары мен докторанттарына және оқытушыларға арнап «Қазіргі араб лингвистикасындағы өзекті мәселелер және араб тілін оқытудың жаңа инновациялық әдістері» тақырыбында 72 сағаттық лекциялар топтамасын жүргізетін болады. Лекцияларға толық қатысқандарға арнайы сертификаттар берілетін болады. Қатысам деушілерге есік ашық.






