Оқиғалар мен анонстар

«Араб әдеби мәтіндері: лексикалық талдаулар»

02.06.2018

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Шығыстану факультеті Таяу Шығыс және Оңтүстік Азия кафедрасы жанындағы «Al-Kitab» ғылыми-білім беру орталығында 05.06.2018-06.07.2018 аралығында магистранттар, докторанттар, оқытушылар және өзге де талапкерлерге мысырлық профессор Әбулфутух Сабридің жүргізуімен «Араб әдеби мәтіндері: лексикалық талдаулар» атты бір айлық семинар болады.

Ары қарай оқу >>

Евфросиния Керсновскаяның мемуарлары

29.05.2018

Әл-фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті тарих, археология эәне этнология факультеті 2018 жылдың 31 мамыры саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күніне орай румыниялық ғалым Аурелия Феляның «Мемуары Евфросинии Керсновской (1908–1994) о годах проведенных в гулаге: размышления о цене человека» атты дәрісін ұйымдастырады.

Ары қарай оқу >>

М.Қ. Наурызбаев кітабының тұсаукесер рәсімі өтеді

21.05.2018

2018 жылдың 30 мамырында ҚазҰУ-дың химия және химиялық технология факультетінде «Қазақ университеті» баспасынан «Өнегелі өмір» сериясымен жарық көрген Мемлекеттік сыйлық лауреаты, ҚР ҰҒА академигі Наурызбаев Михаил Қасымұлының өмір жолына арналған кітаптың тұсаукесер рәсімі өтеді.

Ары қарай оқу >>

«Корей түбегінің бейбіт болашағы және Кореяның бірігуіндегі диаспораның ролі» атты халықаралық ғылыми форум

17.05.2018

18 мамыр күні әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Орталық кітапханасында Халықаралық ғылыми форум өткізіледі. Форумның ұйымдастырушылары – Кореяның бірігуі жөніндегі Министрлік, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті және Қазақстандағы корейлер Ассоциациясы. Іс-шараны дайындауға және өткізуге Кённам университетінің Қиыр Шығыс мәселелері бойынша ҒЗИ мен Кореяның бейбіт және демократиялық жолмен бірігуі бойынша Консультативті кеңесінің Орталық-Азиялық өкілдігі ат салысты.

Ары қарай оқу >>

Алматыдағы халықаралық жазғы мектеп

14.05.2018

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің қазақ әдебиеті және әдебиет теориясы кафедрасы, Бизнес халықаралық академиясының әлеуметтік-экономика кафедрасы және Тюмен индустриалдық университеті «Жеке тұлға жетілдірудің негіздері» атты Жазғы мектепке қабылдау жүріп жатқанын хабарлайды.

Ары қарай оқу >>