Заманауи ақындар кеші
12.09.201812 қыркүйек күні сағат 11-де У. Жолдасбеков атындағы Студенттер сарайында заманауи ақындар кеші өтеді.
12 қыркүйек күні сағат 11-де У. Жолдасбеков атындағы Студенттер сарайында заманауи ақындар кеші өтеді.
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті негізінде 2018 жылдың 21 қыркүйегінде өтетін «Жоғары білім жүйесіндегі сапа» атты XVI Азиялық сапа бойынша конгресс аясындағы халықаралық симпозиумның жұмысына қатысуға шақырамыз.
2018 жылдың 24-26 қыркүйегінде ҚазҰУ-да «Климаттың өзгеруі мен биоалуанүрліліктің төмендеуі жағдайындағы биосфералық резерваттар» тақырыбында халықаралық семинар және жұмыстық кездесу өтеді.
Халықаралық ынтымақтастық департаменті POSCO Asia Fellowship стипендиясына конкурс ашылғандығын хабарлайды.
Қыркүйектің 7-жұлдызында Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ жанындағы «Керемет» Студенттерге қызмет көрсету орталығында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Алматы қаласы бойынша Департамент басшысы Д.Таумұратов пен Алматы қаласының барлық ЖОО-лары ректорларының қатысуымен семинар-кеңес өтеді.
«Өнімді инновацияларды ынталандыру» жобасын іске асыру шеңберінде ҚР БҒМ «әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті» ШЖҚ РМК ғалымдар және ТКК/ТТК қызметкерлеріне ағылшын тілін оқыту қызметтеріне конкурс жариялайды.
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті журналистика факультеті және «К. Тоқаев атындағы Қоғамдық қайырымдылық қоры» әйгілі жазушы, журналист Кемел Тоқаевтың туғанына 95 жыл толуына орай өмірі мен шығармашылығына арналған «Кемел Тоқаев – жазушы, журналист, қайраткер» атты студенттер, магистранттар, PhD-докторанттар мен жас ғалымдар арасында байқау жариялайды.
ҚР Мәдениет және спорт министрлігі Тіл саясаты комитетінің Шайсұлтан Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығының ұйымдастыруымен 2018 жылғы 25 тамыз күні Алматы қаласында «Латын әліпбиін енгізудің ғылыми-ұйымдастырушылық міндеттері» атты семинар-кеңес өтеді.
25 тамызда әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің стадионында ҚазҰУ әскери кафедрасында запастағы офицерлерді даярлау бағдарламасы бойынша даярлықтан өткен студенттердің салтанатты әскери ант қабылдау шарасы өтеді.
«Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорыны келесі бос жұмыс орнына байқау жарияланғанын хабарлайды. Байқауға құжат қабылдау мерзімі 2018 жылдың 15 қыркүйегіне дейін жалғасады.