Шыңғыс Айтматов әлемі
30.11.20182018 жылдың 5-6 желтоқсанында Шыңғыс Айтматовтың туғанына 90 жыл толуына арналған Шыңғыс Айтматов Әлемі Халықаралық ғылыми-практикалық конференциясы өтеді.
2018 жылдың 5-6 желтоқсанында Шыңғыс Айтматовтың туғанына 90 жыл толуына арналған Шыңғыс Айтматов Әлемі Халықаралық ғылыми-практикалық конференциясы өтеді.
2018 жылдың 30 қарашасында сағат 11.00де әл-Фараби атындағы ҚазҰУ әскери кафедрасының студенттеріне университет мұражайында «Біздің президент» атты, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Күніне арналған студенттік лекторий өтеді.
28 қарашада Жастар жылы қарсаңында және Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті күнін мерекелеу аясында әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде «Ұлы даланың жеті қыры» тарихи-көркем экспозициясының және «Мен жастарға сенемін!» VI республикалық студенттік патриоттық жастар форумының ашылуы өтеді.
Құрметті студенттер мен оқытушылар!
2018 жылдың 28 қарашасында филология және әлем тілдері факультетінің фоесінде «Айналаңды нұрландыр» жобасы аясында қайырымдылық жәрмеңкесі өтеді. Жәрмеңкеден түскен қаражат №3 арнайы әлеуметтік қызмет көрсету орталығына беріледі.
27 қарашада заң факультетінде «Желілік заңгер» эксперименталдық білім беру бағдарламасы бойынша демонстрациялық сабақ және презентециялау шарасы өтеді. Шара жоғары білім саласында цифровизациялауды дамыту, ЖОО арасында тәжірибе алмасу және оны жетілдіруге бағытталған.
«Samsung Electronics Central Eurasia» ЖШС және әл-Фараби атындағы Қазақ ҰУ Колумбия университетінің «Тұрақты дамуы» MDP бағдарламасы әл-Фараби атындағы Қазақ ҰУ бакалавриат студенттеріне және бірінші курс магистранттарына арналған 18 айлық үш стипендияға конкурс жариялайды.
MDP / Global Classroom program on Sustainable Development бағдарламасы "Тұрақты даму үшін ғылым, білім және инновациялар" тақырыбында өтетін ашық дәріске әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың барлық студенттерін шақырады2018 ж. 27 қарашасы, 308 Аудитория (Ректорат ғимараты), сағат 17.00-ден 20.00-ге дейін.
Экономика және бизнес жоғары мектебі барлықтарыңызды 2018 жылдың 29 қарашасында сағат 15.00 өтетін «Рухани жаңғыру бағдарламасын жүзеге асыру аясында Ұлтаралық қарым-қатынас мәдениеті мен интернационализмді тәрбиелеу («Айналаңды нұрландыр» жобасы аясында) тақырыбындағы халықаралық дөңгелек үстелге қатысуға шақырады.
2018 жылдың 24 қарашасында сағат 14.00-де әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Медицина және денсаулық сақтау факультетінің 1қабатындағы мәжіліс залында «Журнал клубы» ғылыми клубының отырысы өтеді.
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Шығыстану факультеті ТҮРКСОЙ кафедрасы мен әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Телерадиокешені бірлесіп Түркия Республикасының өнер қайраткері, танымал актер Сердар Гөкханмен кездесу өткізетіндігін хабарлайды.