Оқиғалар мен анонстар

«XXI ғасырдағы ұлттық тарихи сана және қоғамның жаңғыруы»

24.01.2019

25 қаңтарда тарих, археология және этнология факультетінде «XXI ғасырдағы ұлттық тарихи сана және қоғамның жаңғыруы» атты Елбасы Н.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» жалпыұлттық бағдарламасы мен «Ұлы Даланың Жеті қыры» мақаласында қойылған міндеттерді шешуге арналған республикалық ғылыми-практикалық конференция өтеді.

Ары қарай оқу >>

ҚазҰУ-дың студенттер форумы

23.01.2019

2019 жылдың 24 қаңтарында әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да ҚР Жастар жылына арналған студенттер форумы өтеді. Шараға Қазақстанның жетекші жоғары оқу орнының 2 мыңнан астам студенті мен жастар ұйымдарының өкілдері қатысады.

Ары қарай оқу >>

«Үндістан күндері» фестивалі өтеді

23.01.2019

Шығыстану факультетінің Таяу Шығыс және Оңтүстік Азия кафедрасы Қазақстандағы Үндістан Республикасының Елшілігімен бірлесе, Үндістан Республикасының 70-жылдығы және Махатма Гандидің 150 жылдық мерейтойы аясында Алматы қаласында 2019 жылдың 28-31 қаңтар аралығында «Үндістан күндері» фестивалін өткізеді.

Ары қарай оқу >>

«Шынайы Шығыс. ГДР-дегі өмір» фотокөрмесі ашылады

23.01.2019

25 қаңтарда Германия Федеративтік Республикасының Алматы қаласындағы Бас консулдығы ҚазҰУ-мен бірлесе Берлин қабырғасының құлауына 30 жыл толуына орай «Шынайы Шығыс. ГДР-дегі өмір» фотокөрмесін өткізеді.

Ары қарай оқу >>

Назар аударыңыздар, байқау!

17.01.2019

«Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны келесі бос жұмыс орнына байқау жарияланғанын хабарлайды:

Ары қарай оқу >>

«Journal Club» ғылыми клубының отырысы

16.01.2019

2018 жылғы 19 қаңтар (сенбі) сағат 11.00-де Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Медицина және денсаулық сақтау факультетінің 1 қабатындағы мәжіліс залында «Журнал клубы» ғылыми клубының отырысы өтеді.

Ары қарай оқу >>

VI Халықаралық журналистика және коммуникация қысқы мектебі - #WSJC2019

14.01.2019

2018 жыл 6-9 ақпан аралығында әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың журналистика факультеті ұйымдастыруымен Бүкіләлемдік радио күніне арналған «Әлеуметтік медиа -  төзімділік және цифрлық диалог құралы» VI Халықаралық журналистика және коммуникация Қысқы мектебі өтеді.

Ары қарай оқу >>

«Respiratory Junction Almaty: Where East meets West» атты конференция өтеді

04.01.2019

әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың медицина және денсаулық сақтау факультеті оқытушы-профессорлар құрамын «Respiratory Junction Almaty: Where East meets West» атты халықаралық конференцияға қатысуға шақырады. Бұл конференция әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің жыл сайын өтетін «VI халықаралық Фараби оқулары» форумы аясында 2019 жылдың 1 және 2 сәуірінде өтеді.

Ары қарай оқу >>