13.12.2013

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің «Экономика және бизнес» жоғары мектебі, «Менеджмент және маркетинг» кафедрасы шет ел PhD докторы, профессор Алмаз Толымбектің (Delta International University/Management Institute of Canada) қатысуымен «Жоғары білім беру сферасындағы бәсекеге қабілеттілік» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.

Дөңгелек үстел 2013 жылы 13 желтоқсанда өтті.

Ұйымдастырылған шарада Delta International University/Management Institute of Canada PhD докторы, профессор Алмаз Толымбектің «Competitiveness in Higher Education», э.ғ.д., профессоры Ө.Қ. Шеденовтың «Инновациялық экономиканың дамуы жағдайында Қазақстанның жоғары білім беру жүйесін жетілдіру», э.ғ.к., доцент Э.Е. Баймұхамбетованың «Маркетинговые аспекты повышения качества высшего образования» тақырыбындағы баяндамалары тыңдалды.

Қазақстан мен шет елдердегі жоғары білім беру жүйесінің бәсекеге қабілеттілігін анықтайтын негізгі факторлар, сонымен қатар қазақстандық білім беру жүйесі мен Канадалық білім беру жүйесінің өзара ерекшеліктері, білім беру сапасын арттырудағы маркетингтік аспектілері сияқты сұрақтар талқыланды.