24.01.2014
2014 жылдың 24 қаңтарында Экономика және бизнес жоғарғы мектебінің 201 аудиториясында дөңгелек үстел отырысы өткізілді. Талқыланған тақырып ҚР Президенті Н. Назарбаевтың 2014 жылдың 17 қаңтарында «Қазақстан жолы -2050: бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты халқына жолдауы.
Әл - Фараби атындағы ҚазҰУ экономика және бизнес жоғарғы мектебінің деканы, э.ғ.к., доцент Ермекбаева Б.Ж. өзінің кіріспе сөзінде еліміздің Президенті Н. Назарбаев Қазақстан халқына жолдауының еліміздің ғылыми ұйымының және Президент жолдауын студенттерге таныстыру,сонымен қатар Президент өз жолдауында алға қойылған мақсаттарға қол жеткізу жолдарына үйрету.
Басты баяндаушылар: Сатудалдин С.С. - экономика ғылымдарының докторы, әл - Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің профессоры, ҰҒА академигі, «Учет және аудит» кафедрасының профессоры, баяндама тақырыбы: «Қазақстан мәңгілік ел жолында». Джумамбаев С.К. э.ғ.к., «Менеджмент және маркетинг» кафедрасының доценті, баяндама тақырыбы: «Қазақстан экономикасын дамытуда инновационды индустриалды бағытты дамыту». Рахматулаева Д.Ж. - «Экономика» кафедрасының аға оқытушысы, баяндама тақырыбы: «Әлеуметтік жобаларды жүзеге асыру – ҚР халқының дәулеттілігін арттыру». Бочарова М.Ю. «Қаржы» кафедрасының 1 курс магистранты, баяндама тақырыбы: «Қазақстанның дамыған 30 мемлекет қатарына кіру басымдылығы мен алғышарттары».
Баяндамалармен танысудан кейін жиынға қатысушыларымыз ҚР Президент жолдауының алға қойған мақсаттары мен іске асыру алғышарттарын талқылап, пікір талас пен ашық ой бөлісу өтті. Э.ғ.д., профессор Қазбеков Б.К. Президент жолдауын жүзеге асыруда жоғарғы оқу орындарында болашақ мамандарды дайындау маңыздылығын атап өтті. Э.ғ.д., профессор Шеденов У.К. өз сөзінде, бірыңғай ұлттық мемлекет ұлттық сана-сезімді дамытуға байланысты екенін атап көрсетті. Э.ғ.д., профессор Тулегенова М. Мемлекеттің алға қойған мақсаттарын орындау үшін ең алдымен рентобағыттық даму жолынан арылу керектігін айтып, басты мәселе ретінде ҚР экспорт пен импорт мәселелерін қозғады. Э.ғ.д., профессор Дуламбаева Р.Т. өз сөзінде ҚР Кеден Одағындағы алатын рөлі мен осы жүйенің айқын дамуын жүзеге асыруды талап ету керек деп өз пікірімен бөлісті.
Дөңгелек үстелді қорытындылай келе Экономика және бизнес жоғарғы мектебінің деканы Ермекбаева Б.Ж. оқылған баяндамалар мен мақалалар жинағын, сонымен қатар факультет студенттерінің ҚР дамуына қосар үлестері мен өз пікірлерін жаза алатын жинақ шығару туралы ойымен бөлісті.






