26.02.2014

2014 жылдың 26 ақпан күні әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-інде «Экономика» кафедрасының э.ғ.д. профессор Дуламбаева Раушан Тлегенқызының басшылығымен және «Экономика» мамандығының 2 курс магистранттарының қатысуымен «Қазақстандағы девальвация ерекшеліктері: себептері мен салдары» атты тақырыбында дөңгелек үстел ұйымдастырылып, өткізілді.

Дөңгелек үстелдің негізгі міндеттері:

1) Девальвация түсінігінің мәні, өткізілу себептері мен салдарын ашу;

2) Тұрақсыз жаһандық экономикалық үрдістер жағдайында сәтті девальвация үшін териялық түсініктерді бейімдеу (ақша-несие саясатын тиімді өткізу үшін Маршалл-Лернер үлгісін таныстыру);

3) Қазіргі ақша жүйесінде қызмет ету қағидалары мен ерекшеліктерін анықтау. Девальвация мен ревальвацияның кемшіліктері;

4) Әлемдік экономикалық жүйендегі валюталық курстарды мемлекеттік реттеу ерекшеліктерін көрсету;

5) Қазақстанда 2009 және 2014 жылдары болған девальвацияның болу себептерін көрсету;

6) Қазақстанда 2014 жылы девальвацияның әлеуметтік-саясаттық және экономикалық салдарына байланысты сұрақтарды талқылау;

Негізгі баяндама оқушы магистранттар:

  1. Шуренов Н.Б «Девальвацияның теориялық негіздері мен сәтті девальвация жүргізудің Маршалл-Лернер шарты» тақырыбындағы баяндамасы.
  2. Абишов Д.А., Аймашова С.С «Девальвация жүргізудің шет елдік тәжірибесі» тақырыбындағы баяндамасы.
  3. Сейдилдаева К.М. «Қазақстандағы жүргізілген девальвацияның сепбептері мен салдары» тақырыбындағы баяндамасы.

Жоғарыда көрсетілген магистранттардың баяндамаларын магистранттар мен студенттердің арасында талқылау өткізілді.

Дөңгелек үстелге қатысушылар: әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің ЭжБЖМ-нің және басқа факультет студенттері.

Берілген мәселенің нәтижесін талқылау қорытындысы келесідей: девальвацияны жүзеге асыру үрдісі мемлекеттік органдар тарапынан айқын стратегияны әзірлеу, ұқыпты дайындық және әлеуметтік-экономикалық факторларды негізе алу және есептеу. Ұлттық экономика жағдайында Қазақстандық ұдайы өндірістік жүйе қызметінің ерекшеліктері маңызды орын алады және осы негізде мемлекет тарапынан көп халық үшін девальвацияның салдарын жеңілдету үшін әлеуметтік саясатты адекватты жүргізу болжамданады.