Мерекелік іс-шаралар

№7 арнайы (түзету) мектеп-интернатында 2010-2011 ж. өткізілген іс-шаралар тізімі

Өткен уақыты

Іс-шара атауы

Іс-шараның мақсаты

Алынған қорытынды

1.

19 қазан

«Алтын күз»

Іс-шараның мақсаты жыл сайынғы алтын күз мерекесін атап өту.Мереке барысында балалар түрлі костюмдер,икебаналар,күз тақырыбында өлең шумақтары,түрлі өнерлер көрсетті.

Алтын күз ханшайымы мен ханзадасын таңдап,әр топтың өнеріне лайықты номенациялар берілді.

2.

25 желтоқсан

«Жаңа жылдық бал»

Жаңа жыл мерекесін атап өту.

Мереке соңында барлық балалар сыйлықтар алды.

3.

24 ақпан

спартакиада

Достыққа арналған спорт сайысында еріктілер тобы арасында,мұғалімдер мен оқушылар арасында волейбол мен пионерболдан жарыс жүргізілді.

Сайыс нәтижесі бойынша,ең үздік командалар волейбол және пионербол ойынынан анықталды.

4.

19 наурыз

Наурыз мерекесіне арналған концерт

Ерікті студенттер тобының ұйымдастырылуымен оқушылар мен оқытушыларға арналған наурыз мерекелік концерті.

Концерт соңында «шын жүректен» атты газетке еріктілер мен оқушылар өз тілектерін жазып жапсырды.

5.

23 мамыр

Фокус-группа

«Бота» фондының жүйесінде өткен проектте тәрбиеші мұғалімдермен фокус-группа жүргізу.

Жұмыс барысында еріктілер мен ұстаздар арасында жас ерекшелігіне байланысты балалар қажеттілігі туралы, еріктілердің балалармен жұмыс жасау кезіндегі методикалар жайында тәжірибе алмасты.

Есеп беру:

2010 жылдың 19 қазанында №7 арнайы (түзету) мектеп-интернатында жыл сайынғы «Алтын күз» сайысы жоғарғы сыныптар мен төменгі сыныптар арасында өтті.Барлық сынып оқушылары құлшыныспен атсалысты.Дайындық кезінде балалардың барлығы түрлі өнер қырынан танылып, икебаналар мен мерекелік костюмдер ,өлең шумақтарын дайындады.Ерікті-студенттер бұл шараға белсенді араласты. Мерекеде студенттер түрлі өнер көрсетті:өлең,би өнерінде белсенділік танытты.



25 желтоқсан күні №7 арнайы (түзету) мектеп-интернатында жаңа жылдық кеш ұйымдастырылды.Жаңа жылдық мереке кейіпкерлерімен жасыл шыршаны айналып,ән мен күй,биден өз сыйларын тарту етті. Барлық балалар жаңа жылдық костюмдер киіп,өнерлерін көрсетті.Ал еріктілер тобы жаңа жылдық ән мен күйден бар ықыластарымен салды.

19 наурызда №7 арнайы (түзету) мектеп-интернатында ерікті-студенттер тобының ұйымдастыруымен Ұлыстың Ұлы күніне арнап мерекелік концерт өткізді.Мереке ұстаздар мен оқушы балаларға ұйымдастырылды. Балалар би билеп, қазақ және орыс тілдерінде ән салды,оқушылармен ойындар ұйымдастырылды.Мереке соңында балалар «Шын жүректен» атты газетке өз жылы лебіздерін жазды.

2011-2012 жылы өткізілген мерекелік шаралар жөнінде есеп беру:

2011 жылдың 16 қазанында биология және биотехнология факультетінде концерт өтті,іс-шараны ұйымдастырушы биология және биотехнология факультетінің ерікті-студенттер тобы. Концерт арнайы №7 мектеп-интернаты балаларына ұйымдастырылды.Мерекелік кеш соңында балалар құнды сыйлықтар алып, өз ыстық сезімдерін айтумен болды.

19 қазанда №7 арнайы (түзету) мектеп-интернатында алтын күз мерекесі өтті.Концертте оқушылар ән және би өнерін көрсетіп,экибаналар дайындады,өлең шумақтарын сыйлады. Ерекше есте қалған алтын күз мерекесінің барлық қатысушыларының бірге вальс билегені.Мереке соңында барлық жұптарға арнайы номенациялар бойынша грамоталар берілді.

2011 жылдың 23 желтоқсанында №7 арнайы (түзету) мектеп-интернатында 1-4 сыныптар аралығында жаңа жылдық мереке өтті.Мерекеде ертегі кейіпкерлері өнер көрсетіп, ертегі әлеміне саяхат жасады.Іс-шараға «Рахат» кондитерлік фабрикасының өкілі қатысыпғәрбір балаға тәттілер сыйлады.Және де 4 «а» сынып оқушылары спонсордан сыйлық алды.

2011 жылдың 27 желтоқсанында №7 арнайы (түзету) мектеп-интернатында Жаңа жылдық бал кеші ұйымдастырылды.Бал кеші жоғарғы сынып оқушыларына ұйымдастырылғанымен,балалардың барлығы жасыл шыршыны жаңа жылдық ән салып айналды.Бал кеші соңында би кеші ұйымдастырылды.Би кешінде еріктілер мен оқушы балалар биден жарысып,көңіл көтерді.

2012 жылдың 14 наурызында сағат 10.00-11.30 дейін химия және химиялық технология факультетінің бірінші қабатында қайырымдылық жәрмеңкесі өтті.Жәрмеңке балаларға жәрдем ретінде, №7 арнайы (түзету) мектеп-интернаты үшін жасалды.Қайырымдылық жәрмеңкесінің негізгі мақсаты №7 арнайы (түзету) мектеп-интернатына көмек көрсету.Жәрмеңкеде химия және химиялық технология факультетінің студенттерінің қолымен пісірілген түрлі тоқаштар,сусындар мен тәттілер сатылды.Бұл заттардың барлығы факультет студенттері мен ұстаздарына қонымды бағада сатылды.

№7 арнайы (түзету) мектеп-интернатында 2013-2014 ж. өткізілетін іс-шаралар тізімі

Мектепте өткізілген "мұғалімдер күніне" арналған іс - шараға есеп беру.
2013 жылдың 5 қазанында № 7 арнайы(түзету) мектеп-интернатында "мұғалімдер күніне" арнаулы іс-шара өткізілді. Оған дайындық ретінде еріктілер қонақ бөлменің сәнінің, өлең-жырдың жаттаталуын қадағалап балалармен бірге стенгазета салуға көмектесті.

Факультетте өткізілген жәрмеңкеге есеп беру.

2013 жылы 11 қазанда 10.00 ден бастап 12.00 ге дейін химия және химиялық технология факультетінде дамудың зияткерлік бұзушылықтарымен оқудың арнайы № 7 мектеп-интернатының арнайы қатысуымен қайырылымдық қоры өткізілді. Жәрмеңкенің мақсаты қатысушы мектепке арнап ақшалай қаражат жинау болатын. Жәрмеңкенің дайындығына студенттер арнайы тәттілер сонымен қатар сусындар мен жемістер сатып алды. Осылардың барлығы студенттер мен оқытушыларға қол жетімді бағамен арнайы сатылымға шықты. Жәрмеңкенің нәтижесі бойынша №7 мектебінің қажеттілігіне өткізілген ақшалай қаражат жиналды.