Биология және биотехнология факультеті

7 мүмкіншіліктері шектеулі балаларға арналғанарнайы

(түзету) мектеп-интернаты

Алматы қаласының №7 арнайы (түзету) мектеп интернаты ойлау қабілеті төмен, мүмкіншілігі шектеулі балаларға арналған. Жалпы интернатта 1 кластан 9 класқа дейінгі балалар тәрбиеленеді.Интернатта барлығы 16 класс бар. Интернаттың ерекшелігі қозғалу мүмкіндігі шектеулі және неврологиялық аурулармен ауыратын балаларды тәрбиелейді. Мектеп интернатта балалар 5 мезгіл тамақтанады, төменгі кластарда 3 сағат тынығуға арнаған уақыт бар, аптасына 2 рет ата-аналары үйлеріне алып кетеді. Жоғарғы кластағы оқушыларға түрлі үйірмелер бар: би өнері, спорттық ойындар, хор, қыздарға тігін, ағаш бұйымдарын жасау.Алматы қалалық интернаттар ішілік және республикалық жарыстарға ат салысады. Интернат ұстаздары балаларды өз ерекшеліктеріне қарай тәрбиелейді және жеке дамуына зор үлес қосады. Балалар арасында қозғалу мүмкіндігі шектеулі оқушылармен бар ынтасымен жұмыс жасайды.