2012-2013 оқу жылдары

Жоспар

Айлар

Іс-шара

Жауаптылар

Қазан

  1. «Бауырсақ» жәрмеңкесі
  2. «Құрбан айт» мерекесі
  3. «Білгенге маржан» танымдық кештері
  4. «Балаларға қуаныш сыйла» акциясы

Еріктілер

Қараша

  1. «Веселые старты » эстафета ойындары
  2. «Ризашылық күні» мерекесі
  3. «Білгенге маржан» танымдық кештері
  4. «Балаларға қуаныш сыйла» акциясы
  5. Бауырсақ» жәрмеңкесі

Еріктілер

Желтоқсан

  1. Тәуелсіздік күні
  2. «Жаңа жыл»
  3. «Балаларға қуаныш сыйла» акциясы
  4. «Білгенге маржан» танымдық кештері
  5. Бауырсақ» жәрмеңкесі

Еріктілер

Ақпан

  1. ҚазҰУ-да экскурсия
  2. «Жарқын жұлдыз» конкурсы
  3. «Білгенге маржан» танымдық кештері
  4. «Балаларға қуаныш сыйла» акциясы
  5. Бауырсақ» жәрмеңкесі

Еріктілер

Наурыз

  1. «8-наурыз» халықаралық әйелдер күні
  2. «22-наурыз Ұлыстың Ұлы күні» мерекесі
  3. «Білгенге маржан» танымдық кештері
  4. «Балаларға қуаныш сыйла» акциясы
  5. «Бауырсақ» жәрмеңкесі

Еріктілер

Сәуір

  1. Спорттық ойындары
  2. «Қозы Көрпеш-Баян Сұлу» ғашықтар мерекесі
  3. «Білгенге маржан» танымдық кештері
  4. «Балаларға қуаныш сыйла» акциясы
  5. Бауырсақ» жәрмеңкесі

Еріктілер

Мамыр

  1. «Біз біргеміз» қайырымдылық концерт
  2. «Жеңіс күні»
  3. «Соңғы қоңырау»
  4. «Білгенге маржан» танымдық кештері
  5. «Балаларға қуаныш сыйла» акциясы
  6. Бауырсақ» жәрмеңкесі

Еріктілер

"Жаңа жыл"

Пәктігімен жанымызға жақын аппақ қыс ғажайыптарға толы әлемді одан әрі әспеттей түскендей. Аязды қылышын сүйрете келген қатал маусым балалар үшін ең әуелі Жаңа жылымен, Шыршасымен, Аяз ата – Ақша қарымен сәнді. Бала түгілі ересектердің де асыға күтетін осынау мейрам келер жылдан жаңаша үміт күттіреді.

27.12.12. «S.O.S Алматы балалар қалашығында» да жылдың ең айтулы мерекесі – Жаңа жылды өздерінше тойлады. Мерекелік кеш Жаңа жылдық хикаядан бастау алды. Аяз атаны барша бала бірігіп оятып, шырша айналып ән салып, би билеп, көңілді тақпақтар айтып Аяз атанын сыйлықтарына ие болды. Өнерлерімен тәнті еткен кішкентайлардың қылығына сүйсініп жүрегіміз жылып қалғандай. Кеш соңында балалар хикая кейіпкерлерімен суретке түсіп,әрбір бала Аяз ата сыйлығын арқалап көңілді тарасты. «Көмек» еріктілері балалар қалашығының тәрбиелеушілерін де назарсыз қалдырмай әрбір үйге арнайы жаңа жылдық сыйлықтар табыстады. Осы орайда қаржылай қолұшын бергендері үшін Қазақ Ұлттық Университетінің Физика-техникалық факультетінің Жылуфизика және техникалық физика, Қатты дене физикасы кафедраларына шын көңілден алғысымызды білдіргіміз келеді.

Жаңа жылЖаңа жыл


"1 маусым- Балаларды қорғау күні"

1 маусым Балаларды қорғау күні мейрамына байланысты SOS балалар қалашығында «Көмек» еріктілер қозғалысы ұйымының ұйымдастыруымен концерттік бағдарлама қойылды. Қазақ Ұлттық Университетінің өнерлі студенттері және қазақ эстрадасының жас жұлдыздарының бірі «V-Alem» триосы келіп өз өнерлерін көрсетті. Қалашық тәрбиеленушілері де концертте өз өнерлерін көрсетіп және ойындарға да белсенді ат салысты. Балаларға түрлі сыйлықтар таратылды. Олар жұмсақ ойыншықтар, Дима Билан мен Нюшаның концертіне билеттер берілді. Концерт соңында барлығы да дастарханға шақырылды.

1-маусым1-маусым 1-маусым1-маусым

"Күзгі бал"

Күз мезгілімен жарыса келетін күзгі бал мерекесі әр оқу орындарында кең ауқым алған. Сайыс ретінде өтетін бұл күзгі бал мерекесінде жастар бар өнерін салып, күз мезгілінің базарықтары мен ерекшеліктерін алға тарта отырып, сайысады.

Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің физика-техникалық факультетінің студенттерінен құрылған «Көмек» ұйымының басшылығымен күзгі бал мерекесі Сара Алпысқызы Назарбаеваеның бірлестігімен құрылған “SOS Алматы балалар қалашығында“ болып өтті. Күзгі бал келесі сайыс түрлерімен өткізілді. Олар: сайыс қатысушыларының өздерін таныстыруы, сән үлгісі, сайыскерлер өнері және де эстафеталық ойындар. Аталған сайыстар кезінде балалар өз өнерін жақсы көрсете білді. Эстафеталық ойындар барысында балалардың спортқа деген икемділігіне айқын көзіміз жетті. Сайысқа Ислам мен Аяулымдайындалу барысында студенттер тарапынан балаларға көрсетілген көмек және қамқорлық балаларға тамаша Толғанай мен Арманкөңіл күй мен ізгілік нәрін сыйлады. Балала және қалашық әкімшілігінің «Көмек» ұйымының студенттеріне деген алғысы шексіз болды. Ата-бабамыз «Жетім көрсең жебей жүр» демекші, жетім балаларға қуаныш сыйлаған студенттердің де көңіл күйі өте керемет.

Атына заты сай «Көмек» қамқорлық ұйымының ізгі істері тек бұл жұмыспен «Алтын күз сұлтаны-2012» аяқталмақ емес. Алда жаңа күн, жаңа мейрамдар.Осыған орай көптеген жаңа жоспарлар.

Күзгі балКүзгі бал

"Құрбан айт мерекесі"

Құрбан Айт мұсылман халықтарының діни мерекесі.

Құрбан Айт Ораза Айттан кейін 70 күннен соң келеді. Құрбандық шалынып, жағдайы жоқ жетім-жесірлерге таратады. Құрбандыққа айт намазынан кейін жылқыдан басқа тұяғы айыр төрт түлік мал шалуға болады.

28.10.12 күні SOS балалар қалашығында “Көмек” еріктілер қозғалысының ұйымдастыруымен “Құрбан Айт мерекесі” өткізілді. Құрбандыққа қой шалынып, тәтелердің үйіне дастархан жайылып, ал қалған 11 үйге тәттілер таратылды. Бүлдіршіндерге арнап шағын мерекелік концерт көрсетіліп, түрлі ойындар ойнатылып, сыйлықтар таратылды. Концерттен соң барлық балалар үй-үйлеріне тарады, ал үлкендері тәтелердің үйіне жиналды. Онда Медеу ауданының наиб имамы келіп Құран оқып, Құрбан айт мерекесінің түпкүлікті тарихына тоқталып, мейрамды қалай тойлау керектігі жайлы айтып кетті. Одан соң Қаныш Сәтпаев атындағы Политехникалық университетінің студенттері уағыз айтып , балалармен өз білімдерімен бөлісті.

Осы мерекені өткізуге қаржылай көмек ретінде өз үлестерін қосқан Қазақ Ұлттық Университетінің физика-техникалық факультетінің қатты дене кафедрасының ұжымына шексіз алғысымызды білдіреміз.

Құрбан айт мерекесіҚұрбан айт мерекесі

"Тәуелсіздік күні"

Еркек тоқты құрбандық,

Атам десең атыңдар

деп ,жанын ел азаттығы үшін ажалға қиған Қайрат ағамыз,Ләззат тәтеміз сынды нағыз ұлтшыл жандардың өмірден өткеніне ,міне бүгінде 26 жыл өткен екен.Сол 86 жылдың ызғарлы күзінде бостандық туын көкке көтеріп шыққан ұл-қыздарымыздың жасы небары 20-21 жас аралығында ғана еді.Иә,осы 20-21 жас шамаларындағы қазақ жастары бүгінде қанатын кеңге жайған еркін ,әлемге мәшһүр ел болуымызға еңбектерін сіңдірген болатын.Бір АЛЛАХ білсін,сол 16 желтоқсанда Алматының ұлтжанды жастары бас көтермегенде қазір жағдай басқаша болар ма еді,бәлкім.

Бүгінгі уақытқа көз тастайтын болсақ,2012 жылдың 16 желтоқсаны.Сол қанды оқиғадан бері тура 26 жыл өтіпті.1991 жылдан бастап,16 желтоқсан қазақ халқының тәуелсіздік табалдырығын аттаған күні,яғни тәуелсіздік күні болып тарихқа енген еді.Осыдан бастап бұл күн қазақ халқы үшін үлкен мейрам.

Айтулы мерекемізді еліміз қарқынды түрде атап өтеді.Міне,бүгін де сол мейрамымыздың сын сағаты.Мереке белсенді түрде жүріп жатыр.Атап өтушілердің қатарына шағын “SOS балалар қалашығы ”да кіреді.Қалашықта ҚазҰУ-дың физика-техникалық факультетінің “Көмек”ұйымының басшылығымен тәуелсіздік жолында құрбан болған аға-тәтелерімізді еске алу концерті болды.Концертте 1986 жылғы көтеріліс сомдалды.Көтеріліс құрбаны Қайраттың бейнесін, жылу энергетика мамандығының 1 курс студенті Төлебиев Алишер,Қайраттың жеңгесін, материлдар және жаңа технологиясы мамандығының 2 курс студенті Ахметова Жазира ,тергеушіні, , материлдар және жаңа технологиясы мамандығының 3 курс студенті Тұрсынбаев Руслан сомдады. Және де тағы да басқа рөлдер сомдалды.Тағы да атап айтатындай,тәуелсіздікке байланысты көптеген жан тебірентер өлеңдер оқылды. Концерт қалашық тәрбиеленушілеріне ерекше көңіл,патриоттық сезім сыйлады.Концерт соңы ұйым мүшелері мен тәрбиеленушілердің бірігіп “Туған жер”атты әнді орындалуымен аяқталды.

Айтпақшы,’’ Көмек ’’ұйымының концерттен кейінгі жетістігі; тәрбиеленушілер әр ұлт өкілдерінен құралғандықтан көбіне орыс тілінде сөйлейтін.Енді,тәрбиеленушілер қазақ тілінде сөйлеуге,әрі үйренуге ұсыныс жасады.

Біздің,яғни”Көмек”ұйымының жетістігі тек бұл іспен ғана шектелмек емес.Алда жаңа күн,жаңа жоспар...

Тәуелсіздік күніТәуелсіздік күні