ҚазҰУ қабылдаудың ережелереі

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің арналған қабылдау

ЕРЕЖЕCІ

1.Жалпы ережелер

2.Кешенді тестілеуді өткізу

3.Оқуға қабылдау

1. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетіне (әл-Фараби ат. ҚазҰУ) қабылдау Ережесі жоғары білім берудің кәсіптік оқу бағдарламаларын жүзеге асыратын ұйымдарға оқуға қабылдаудың Үлгі ережесіне сәйкес (бұдан әрі Үлгі ережесі) құрылған және әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың студенттер контингентін қалыптастыру тәртібін анықтайды.

2. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Қазақстан Республикасының азаматтарын, шетел азаматтары мен азаматтығы жоқ тұлғаларды орта жалпы (жалпы орта), (техникалық және кәсіптік) және жоғары білім алуға қабылдауды жүзеге асырады.

3. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың студенттер контингентін қалыптастыру бюджеттік қаржыландыру, мамандар даярлауға мемлекеттік тапсырысты (білім беру грантын) орналастыру, сондай-ақ азаматтардың өз қаражаты мен басқа қаражат көздері есебінен оқу ақысын төлеу арқылы жүзеге асырылады.

4. Білім беру гранты Қазақстан Республикасының азаматтарымен қатар басқа мемлекеттің азаматы болып табылатын қазақ ұлтының өкілдеріне, Қазақстан Республикасында тұрақты өмір сүретін шетел азаматтарына және азаматтығы жоқ тұлғаларға, сондай-ақ Ресей Федерациясының, Беларусь Республикасының, Тәжікстан Республикасы және Қырғыз Республикасының азаматтарына беріледі.

Басқа шетел азаматтары мен азаматтығы жоқ тұлғалар Қазақстан Республикасының заңдарында, Қазақстан Республикасы бекіткен халықаралық шарттарда, сондай-ақ әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-мен жасалған келісім-шарттар мен контракттарға сәйкес белгіленген тәртіп бойынша қабылданады.

5. Кешенді тестілеу өткен жылдың орта жалпы білім беретін ұйымдардың бітірушілері үшін, бастапқы және орта кәсіптік оқу орындарының бітірушілері (техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі), жалпы білім беру мектептерінің шетелде халықаралық оқушы алмасу бағдарламасы бойынша білім алған бітірушілері үшін, өзбек, ұйғыр және тәжік тілдерінде білім беретін жалпы білім беру мектептерінің ҰБТ-ға қатыспаған бітірушілері, республикалық музыкалық мектеп-интернаттардың бітірушілері, сондай-ақ, шетелде оқу орындарын тәмәмдаған азаматтар үшін өткізіледі.

6. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-ға бірыңғай ұлттық тестілеудің немесе кешенді тестілеудің нәтижесі бойынша әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да мамандарды даярлау жүзеге асырылатын мамандықтар бойынша белгіленген тәртіпте мемлекеттік білім грантына ие болған азаматтар, сондай-ақ куәліктегі ұпайларына сәйкес басқа да қайнар көздер есебінен оқу ақысын төлеген азаматтар қабылданады.

7. Арнайы немесе шығармашылық дайындықты талап ететін 5В050400 - «Журналистика», 5В010800 - «Дене шынықтыру және спорт», 5В041600 - «Өнертану», 5В042100 – «Дизайн» мамандықтарына (бұдан әрі - шығармашылық мамандықтар) азаматтарды қабылдау «Шығармашылық емтихан туралы» және «Арнайы емтихан туралы» Ережелерге сәйкес әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың қабылдау комиссиясы тарапынан өткізілетін арнайы немесе шығармашылық емтихандарды (әрі қарай - шығармашылық емтихандар) есепке ала отырып жүргізіледі.

8. Кешенді тестілеуге қатысу үшін өтініштерді қабылдау 20 маусым мен 9 шілде аралығында жүргізіледі.

Шығармашылық мамандықтарға өтініштерді қабылдау 20 маусым мен 1 шілде аралығында жүргізіледі.

9. 5В050400 - «Журналистика», 5В010800 - «Дене шынықтыру және спорт», 5В041600 - «Өнертану», 5В042100 – «Дизайн» сияқты шығармашылық мамандықтарға түсетін азаматтар әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың қабылдау комиссиясы өткізетін шығармашылық емтихандарды тапсырады. Шығармашылық емтихандар саны екеу.

Шығармашылық емтихандар 2-7 шілде аралығында жүргізіледі.

Бір шығармашылық емтихан бойынша ұпайдың ең жоғарғы саны - 25. Шығармашылық емтихан бойынша 10 - нан кем ұпай алған немесе емтиханға келмеген талапкерлер аталған мамандық бойынша кешенді тестілеуге жіберілмейді.

Шығармашылық емтиханды қайта тапсыруға рұқсат етілмейді.


10. Кешенді тестілеуге қатысу үшін азамат ҚазҰУ-дың қабылдау комиссиясына келесі құжаттарды тапсырады;

- белгіленген үлгідегі бланкіде өтініш;

- кәсіптік бастауыш (техникалық және кәсіптік) немесе кәсіптік орта (орта білімнен кейінгі) оқу орнын бітіру туралы аттестат немесе диплом (түпнұсқа);

- тест сынағын өткізу ақысын төлегені жөніндегі түбіртек (квитанция);

- 3 х 4 көлемдегі екі фотосурет;

- 086-У нысанындағы медициналық анықтама;

- жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;

Жасы 16-ға толмаған жағдайда талапкер туу туралы куәлігі мен мектептен суреті бар анықтаманы ұсынуы керек.


11. Кешенді тестілеу 17-23 шілде аралығында, азаматтардың қалауы бойынша қазақ немесе орыс тілдерінде орта білім берудің оқу бағдарламалары көлемінде төрт пән: қазақ немесе орыс тілі (оқу тілі), Қазақстан тарихы, математика және талапкердің таңдаған мамандығына байланысты пән бойынша өткізіледі.

5В050400 - «Журналистика», 5В010800 - «Дене шынықтыру және спорт», 5В041600 - «Өнертану», 5В042100 – «Дизайн» сияқты шығармашылық мамандықтарға құжат тапсыратын азаматтар тек бір ғана шығармашылық мамандықты көрсетеді.

5В050400- «Журналистика», 5В010800 - «Дене шынықтыру және спорт», 5В041600 - «Өнертану», 5В042100 – «Дизайн» мамандықтарына құжат тапсыратын азаматтар кешенді тестілеуді қазақ тілі немесе орыс тілі және Қазақстан тарихы пәндері бойынша өтеді.

12. Кешенді тестілеуге келген талапкер жеке куәлігін (төлқұжат) және емтиханға рұқсат қағазын көрсетуі тиіс.

13. Әрбір пән бойынша тест тапсырмаларының саны 25. Әрбір тест тапсырмасының дұрыс жауабы бір ұпаймен бағаланады.

14. Кешенді тестілеуге 2 сағат 30 минут бөлінеді. Тестілеуді қайта тапсыруға рұқсат етілмейді.

15.Кешенді тестілеу нәтижелерін өңдеу Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің ұлттық тестілеу орталығында (ҰТО) өткізіледі. Кешенді тестілеудің нәтижелерін жариялау, бекітілген үлгідегі мемлекеттік куәлік беру, тестілеу нәтижелеріне байланысты шағым беру процедурасы, мемлекеттік білім гранттарын беру ҚР БжҒМ-нің Үлгі ережесінде көрсетілген тәртіп бойынша жүргізіледі.

16. Тестілеуден кейін өткізілетін жауап парақтарын сканерлеу аяқталғаннан кейін дұрыс жауаптар коды бірден ілінеді.

17. Кешенді тестілеу нәтижелері бойынша әр қатысушыға белгіленген үлгідегі куәлік рәсімделеді. Оны мемлекеттік комиссия тест сынағы өткеннен кейінгі үш тәулік ішінде береді.

18. Тест сынағының нәтижесімен келіспеген азамат апелляцияға өтініш беруге құқылы. Тест тапсырмаларының мазмұны бойынша талас тудыратын сұрақтарды Республикалық аппеляциялық комиссия қарайды. Соңғы шешімді ҚР БжҒМ-не қарасты Республикалық аппеляциялық комиссия қабылдайды.


19. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың қабылдау комиссиясы студенттерді оқуға қабылдауды 10-25 тамыз аралығында өткізеді.

Талапкер әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың қабылдау комиссиясына қабылдау туралы өтінішпен бірге келесі құжаттарды тапсырады:

- жалпы орта (жалпы орта білім), кәсіптік бастауыш (техникалық және кәсіптік), кәсіптік орта (орта білімнен кейінгі) немесе жоғары білімі (түпнұсқа) туралы құжат.

- 3 х 4 көлемдегі алты фотосурет;

- 086 -У нысанындағы медициналық анықтама;

- кешенді тестілеудің немесе ҰБТ сертификаты;

- білім беру грантын тағайындау туралы куәлік (болған жағдайда).


20. Ақылы оқудың 1-ші курсына ағымдағы жылы ҰБТ-дан өткен, жалпы орта білім беру ұйымын бітірушілер, сондай-ақ бейіндік пәннен кемінде 7 ұпай (әрбір шығармашылық емтиханнан кемінде 10 ұпай), ал қалған пәндерден ең төмені 4 ұпайдан жинаған кешенді тестілеуге қатысушылар қабылданады. Жалпы өту балы университет нормативтерімен (аудиториялық қорды үлестіру, сабақ кестесі ж.т.б.), Ғылыми Кеңестің шешімімен анықталады (Қосымша 1).

Оқуға қабылдау мамандықтар және тілдік бөлімдер бойынша жеке жеке жүргізіледі. Шығармашылық емтихандар белгіленген мамандықтарға қабылдау осы емтихандар бойынша алынған ұпайларды есепке ала отырып жүргізіледі.

21. ҰБТ немесе кешенді тестілеудің шеңберінде тапсырылған пәндердің бірінен 4 ұпайдан төмен алған жағдайда, талапкерлер ақылы оқуға қабылдауға немесе білім беру гранттарын алу байқауына қатысуға жіберілмейді.

22. Орта кәсіптік оқу орындарының бітірушілері әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың ұқсас немесе туыс мамандықтарына ҚР жоғары және жоғарыдан кейінгі білім беру мамандықтары Жіктеушісінің және ҚР БжҒМ кәсіптер мен техникалық және кәсіптік, ортадан кейінгі білім беру Жіктеушісінің сәйкестік кестесінің бекітілген тізіміне сай қысқартылған оқу мерзіміне ақылы негізде (күндізгі және сырттай оқу түрі) қабылданады.

Сондай-ақ, жоғары кәсіптік білімі бар тұлғалар әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың емтихандық комиссиясы жүргізген әңгімелесулердің нәтижесіне сай қысқартылған оқу мерзіміне ақылы негізде қабылданады.

Сырттай оқу бөлімінде қашықтықтан оқыту арқылы сабақ өту қарастырылған.

23. Жоғары білім беруге дейінгі факультетті сәтті тәмәмдап, бітіру туралы куәлікті иеленген шетел азаматтары әл-Фараби атындағы ҚазҰУ тарапынан оқу тілінде өткізілетін кешенді тестілеудің нәтижелері бойынша ҚР БжҒМ-нің Үлгі ережесінің 49 б. 8 б. негізінде оқуға қабылданады.

24. Ақылы негізде оқудың күндізгі түрінің қысқартылған оқу бағдарламалары бойынша, сондай-ақ ақылы негізде оқудың сырттай түріне түсу емтихандарын сәтті тапсырған азаматтардың саны 10 кісіден кем болған жағдайда аталмыш мамандық бойынша ережеге сай топ құрылмайды.


  1. Жоғары білім берудің кәсіптік оқу бағдарламаларын жүзеге асыратын ұйымдарға оқуға қабылдаудың Үлгі ережесінің 5 және 49 бөлімдеріне сәйкес университет ақылы оқуға түсетін азаматтарға қабылдаудың қосымша шарттарын қоюға құқылы.
  2. ҚазҰУ-ға әр мамандық бойынша ақылы негізде оқуға қабылдау үшін бөлінген орындар саны шектеулі және университет нормативтерімен, Ғылыми Кеңес пен ректораттың қабылдаған шешімдерімен анықталады. Әрбір мамандық бойынша өту балының төменгі деңгейі белгіленеді.
  3. Бакалавриаттың күндізгі түрінің ақылы негіздегі барлық мамандықтары үшін өту балының төменгі деңгейі кемінде 70 ұпай көлемінде белгіленсін.

4. Қабылдау Ережесінің осы Қосымшасы әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың ректоры тарапынан бекітілуі және белгіленген тәртіпте орындалуы тиіс.