2011-2012 оқу жылдары

Жоспар

Айлар

Іс-шара

Жауаптылар

Қараша

  1. «Веселые старты » эстафета ойындары
  2. «Ризашылық күні»

Еріктілер

Желтоқсан

  1. Тәуелсіздік күні
  2. «Жаңа жыл»
  3. «Балаларға қуаныш сыйла»

Еріктілер

Ақпан

  1. ҚазҰУ-да экскурсия
  2. «Жарқын жұлдыз»

Еріктілер

Наурыз

  1. «8-наурыз» халықаралық әйелдер күні
  2. «22-наурыз Ұлыстың Ұлы күні»

Еріктілер

Апрель

  1. Спорттық ойындары
  2. «Халықаралық ғашықтар күні»

Еріктілер

Мамыр

  1. «Біз біргеміз» қайырымдылық концерт
  2. «Жеңіс күні»
  3. «Соңғы қоңырау»

Еріктілер

"Ризашылық күні"

Бұлмереке2009жылданберіреспубликаныңбарлықбалаларүйлеріндеөткізіледі.Ондағымақсат-жетімбалаларғажылыотбасылықмерекесыйлау.

2011 жылдың 26 қарашасында Алматы қаласы балалар қалашығының тәрбиеленушілерін осындай тамаша мерекемен олардың достары - Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Физика-техникалық факультетінің «Көмек» ұйымының ерікті студенттері қуантты.

Ризашылық күніРизашылық күні

Мереке барысында балалардың назарына көңілді мерекелік концерт ұсынылып, ҚазҰУ-лық өнерлі жастар Рахат Бахытжан «Егеменді Қазақстан», Асқар Қазыбек «Анашым» т.б асем әнмен мерекенің қызығын көтерді, балаларды «Көмек» ұйымы туралы мәліметтермен таныстырды, сонымен қатар студенттер балалар арасында қызықты ойын ұйымдастырып, жеңімпаз болған балаларға сыйлықтар берілді

Кеш соңында балалар үйінің басшысы мен тәрбиеші ұстаздар қауымы Студенттерге өздерінің және тәрбиеленуші балалардың атынан үлкен алғыстарын білдірді. Балалар мен студенттер естелікке фотоға түсіп қалдырды.

"Жаңа жыл"

23 желтоқсанда «SOS Алматы балалар қалашығының» балаларын университетіміздің физика –техникалық факультетінің студенттері Жаңа жылдық концертімен қуанышқа бөледі.

Студенттер қызықты ойындар өткізіп, балалармен бірге ән салып би биледі. Ал Аяз ата барлық балаларға сыйлықтарын таратып шықты.

Концерт соңында балалар студенттерге алғыс ретінде ән орындап , балалар қалашығының бас педагогы студенттерге деген алғысын білдірді.

Соңынан барлық студенттер Аяз атамен бірге әр үйге кіріп сыйлықтарын таратып шықты.

Жаңа жылЖаңа жыл

"Жарқын Жұлдыз"

Ақпан айының 29 жұлдызында Механика-математика факультетінің сары залында «Жарқын жұлдыз» ән-би фестивалі өткізілді. Фестивальдің негізгі қатысушылары «Көмек» ерікті волонтерлері координаттаушы Алматы қалалық балалар интернатының өнерлі де талапты тәрбиленушілері болды.

әділ шешім қабылдаған әділ қазылар алқасын Балалар құқығын қорғау департаментінің төрайымы –Зина Сайлауевна, ҚазҰУ-нің Жастар ұйымының жетекшісі –Ишанғалиева Сауле, ҚазҰУ-нің Сенат төрағасы Абдикадыров Нурлан және Қазақ эстрадасының жарқын жұлдыздары Жеңісхан, «Ғалам» тобы әншілері құрады.

Кештің көркін №8 балалар интернатының әнші балапандары «Дружба», «Поповинка» әндерімен, ал «Фантазия» би тобы «Олден» биімен қыздырса, №4 балалар үйінің биші жұлдызы Шалқар Бекарыс өзінің өнерімен жиылған жұртты таң қалдырды. Сондай-ақ дәл осы №4 балалар үйінің тәрбиеленушісі Ардан есімді жігіт қазақтың қара домбырасымен «Ерке сылқым» күйін, Жумисбекова Гулім, Баракова Айнур есімді қыздарымыз скрипкада «Кукарача» әндерін шеберлікпен орындап берді. Бұл байқаудан «SOS» балалар қалашығының тәрбиеленушілері де шет қалмады. Өз шығармашылықтарының жемісі болып табылатын «Проста не вернуть» әнін Руслан, Вика, Жансая есімді өнерпаз жастар әсемдеп орындап берді. Жігітке жеті өнерде аз демекші Руслан өзінің тек әнді ғана емес, биді де тамаша орындай алатындығын көрсетті.

Балалармен бірге сахна төрінде арнайы шақырылған әнші жұлдыздар- «Ви-Алем» тобы, «Ғалам» тобы, жас әнші Ерхан Алданазаров және Жеңісхан, ҚазҰУ-нің бір топ талантты студенттері де өз өнерлерін көрсетті. Әнші жұлдыз Жеңісхан биші Русланның өнеріне тәнті болып, онымен сахнаға шығып бірге билеп берді.

"8 наурыз - Халықаралық әйелдер күні"

Наурызайының 3 жұлдызында әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің физика-техникалық факультетінің студенттер «SOS Алматы қ. Балалар қалашығын» 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күнімен қалашығының қыз балдарымен ұжымын құттықтады. Мейрам барысыныда факультеттің Қызық Тапқырлар Клубы, әншілер аспапта ойнайтын студенттер өнер көрсетті. Онымен қоса студенттер неше түрлі ойындар өткізілді : «Ең өнерлі жұп», «ең жылдам сұлу қыз» және т.б. өте қызықты ойындар өткізілді. Әр ойынның соңында қатысқан баларға сыйлықтар берілді. Айта кететін жайт барлық өткізілетін контцертерді қаржылық жағынан қамтамасыз ететін физика-техникалық факультетінің студенттері болып табылады. Осындай мейрімді жандардың арқасында жетім балалар қуанышқа кенеледі. Контцерт соңында студенттер қалашықтың қыз бала , қараушы, ұжымына және бас педагогқа бағалы сыйлықтар таратылды. Ал қалашық балалары студенттерге алғыс ретінде өз өнeрлерін көрсетті.

Халықаралық әйелдер күніХалықаралық әйелдер күні

"Қозы- Көрпеш пен Баян сұлу күні"

Сәуір айының 11- жұлдызында Қазақ Ұлттық университетінің физика-техникалық факультетінің «Көмек» ұйымының ерікті студенттері Алматы қалалық «SOS» балалар үйінде қазақ халқында барша ғашық жандар мейрамы болып саналатын «Қозы- Көрпеш пен Баян сұлу» күнін өткізді. Бұл іс-шараға аса белсенділікпен атсалысқан ерікті волонтерлер балалар жүзіне күлкі мен қуаныш үйірілсін деп мақсат тұтқан болатын. Мереке барысында балаларға ең алдымен базарлық ретінде әзірленген силықтар үлестіріліп берілді. Балалар мен олардың тәрбиешілеріне арнап мерекелік концерт ұйымдастырылып, қазақ эстрадасының жарық жұлдыздары «Сұңқар», «Мистерионс», «V-Алем» сынды әнші топтары және университетіміздің жарқын жұлдыздары «КазГУград» квартеті, сонымен қатар өз факультетіміздің өнерлі де талантты әншілері мен бишілері өнер көрсетті. Концерт қызықты болуы үшін балалармен және олардың тәрбиешілерімен студенттер арнайы әзірленген ойындар ойналып, жеңімпаздарға силықтар берілді.

Балалар мен студенттер бір-біріне әбден бауыр басып қалғандығы бірден көзге түседі, бұл жағдайға балалардың риясыз күлген күлкісі, студенттер мен еркін сөйлесіп, ойнап-күлуі дәлел болары хақ. Бұл кешке арнайы шақырылған «Көмек» ұйымының төрайымы Айнұр Шаймерденова өзінің тілектерін шын жүректен білдіріп, осы мерекені ұйымдастырушы студенттерге рақметін білдірді. Кеш соңында балалар мен студенттер би кешінде би билеп көңіл көтеріп, мереке символына айналған әуе фонарьларын аспанға ұшырып, мәз болысты, ең соңында естелікке суретке түсіп, қимастықпен қоштасты. Мұндай мерекелік іс-шара әліде болатындығына балаларда, волонтерлер де сенімді!!!

Қозы-Көрпеш пен Баян сұлу күніҚозы-Көрпеш пен Баян сұлу күні

Гоголь саябағы

2012 жылдың мамыр айының 13 – і күні SOS балалар қалашығының тәрбиеленушілері мен «Көмек» еріктілер қозғалысы ұйымының белсенді мүшелері « Гоголь» саябағына барды. Парктің көкке шығуға ыңғайлы жерінде дастархан жайылып, әр түрлі ойындар ойнатылды. Жасы 15 – ке жетпеген бүлдіршіндер хайуанаттар бағын аралады. Ал 15 жастағы тәрбиеленушілер саябақтағы өзенде қайықпен серуендеді. Күн өте қызықты өтті.

ПикникПикник

Алау күні

15 – ші мамырда SOS балалар қалашығында жыл сайынғы дәстүр бойынша «алау» ұйымдастырылды. Бұл дәстүр бойынша үлкен көлемді алау жағылып, онда картоп пісіріледі. Алаудан кейін озат оқушыларға нетбук, IPad, пазлдар, блокноттар таратылды. Шағын концерттік бағдарлама ұйымдастырылып, өнер көрсетілді.

Алау күніАлау күні

Шығарып салу кеші

2012 жылдың тамыз айының 29 – шы жұлдызында SOS балалар қалашығында «Шығарып салу кеші» өткізілді. Бұл кешті өткізудің негізгі себебі, 16 жастан асқан тәрбиеленушілерді «жеткіншектер үйіне» шығарып салу негізінде ұйымдастырылды. Естелікке сыйлықтар тапсырылды. Сонымен қатар тәрбиеленушілерге арнап концерттік қойылымдар қойылды және дастархан жайылды.

Шығарып салу кеші

Қоштасу кеші

Маусымның 16 – сы күні SOS балалар қалашығында «Көмек» еріктілер қозғалысы ұйымының ұйымдастыруымен мерекелік дастархан жайылды. Дастархан басында балалар бір – біріне жақсы тілектерін айтты және волонтерларға өздерінің алғыстарын білдірді. Кеш ойдағыдай өтті.

Қоштасу кешіҚоштасу кеші