"Біртұтас экономикалық кеңістік жаңа экономиканы құрудың негізі ретінде"

Аль-Фараби атындағы ҚазҰУ-де 16-17 наурыз 2012 жылы "Біртұтас экономикалық кеңістік жаңа экономиканы құрудың негізі ретінде" атты халықаралық ғылыми конференция өтті. Халықаралық ғылыми конференцияға Италия, Жапония, Ұлы Британия, Ресей, Молдова, Өзбекстан мемлекеттерінен ғалымдар және Қазақстанның белгілі ғалымдары белсенді ат салыса қатысты. Қазақстандағы TEMPUS бағдарламасының ұлттық координаторы Тасбулатова Ш.У. конференцияға қатысып, сөз сөйледі.
Конференцияның барлық қатысушыларының ойы бір жерден шықты: лезде пайда болған қалау арқылы халықаралық ғылыми кеңістікке тез арада шығу мүмкін емес. Көп жылдар бойы посткеңестік елдерде ғылым мен білімнің байланысы әлсіз болып, халықаралық тенденцияларға бағытталмаған. Осыған байланысты бүгінгі күні ғылыми-зерттеу, инновациялық және білім беру қызметтерінің потенциалын біріктірудің ең тиімді жолдарын анықтау маңызды. Біртұтас экономикалық кеңістік құру барлық қатысушы мемлекеттердің инновациялық дамуы үшін қолайлы шарттар жасап, осы үдерістің катализаторына айналуы қажет.