2009 жылдың 10 тамызында аль – Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті мен Франциядағы Роберт Шуман Университеті, «Страсбург менеджмент мектебі» арасында меморандумға қол қойылды. Меморандум шегінде Экономика және Бизнес Жоғары мектебінде екі диплом алу бағдарламасы бойынша жұмыстар жүзеге асырыла бастады. 2010-2011 оқу жылында «Страсбург менеджмент мектебі» бизнес – мектебінде Экономика және Бизнес Жоғары мектебінің алғашқы 2 студенті бұл бағдарламаны сәтті аяқтады: Аманбекова Айгерим (мамандығы «Қаржы»), Жармухамедов Улан (мамандығы «Мемлекеттік және жергілікті басқару»). Олар 2 курстан кейін ағылшын тілін сәтті тапсырып, 3 курсты «Страсбург менеджмент мектебі» - нде оқуларын жалғастырды. Қазіргі таңда Экономика және Бизнес Жоғары мектебінде 4 курста оқуларын жалғастырды.
![]() |
![]() |
Бір оқу жылы ішінде олар «Страсбург менеджмент мектебі» 3 модуль, 19 пән (60 кредит) игерді. Экзамендерді сәтті тапсырып, олар «Европалық менеджмент» бакалавр дәрежесін алды, оның дәлелі ретінде 2012 жылдың 27 қаңтарында аль – Фараби атындағы ҚазҰҮ поштасына жіберілген дипломдар.








