Наурыз-Думан

Экономика және бизнес Жоғары мектебінің «Есеп және аудит» кафедрасының 1 курс студенттері мен эдвайзерлерінің ұйымдастыруымен №16 жатақханада 2012 жылдың 28 наурыз күні «Наурыз – думан» атты мерекелік концерті өтті. Бұл концертке студенттер белсенді ат салысып, өз өнерлерін көрсетті. Арнайы дайындалған бағдарламаға сәйкес концерт жоғары деңгейде өткізілді. Концертті Тұрдалиева Айгерім және Шалдаров Балтабек жүргізуді. Сонымен қатар, студенттер би, ән, көңілді тапқырлар клубы (КТК) өнері, күй тартып өз өнерлерін ортаға салды.