Студенттер мен жас ғалымдар Халықаралық конференциясы «Ғылым әлемі».

«Ғылым әлемі»

әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің Экономика және бизнес Жоғары мектебінде 2011 жылы 20-22 сәуір аралығында «Ғылым әлемі» атты Халықаралық студенттер мен жас ғалымдар конференциясы болып өтті.

Конференция мақсаты: студенттердің ғылыми-зерттеу және оқу-танымдық қызметін бейімдеу; қатысушылар арасында талантты және ғылымға жақын жас мамандарды таңдап, тереңдетілген жұмыс жүргізу; олардың интелектуалдық мүмкіндіктерінің дамуына жол ашу; ғылыми мәселелерді шешуге бағыттау.

«Есеп және аудит» кафедрасы «Есеп және аудиттің дамуының заманауи тенденциялары» секциясына 30-дан аса студент қатысып өз ғылыми жобаларын ұсынды. Секция бойынша жас ғалымдардың ішінде үздік шыққандар келесілер: 1-орынды секция бойынша да Жоғары мектеп бойынша да Нуптуллаева Алтынай (ғылыми жетекшісі э.ғ.к., доцент Алтаев Б.Ш.), 2-орынды Ахметов Мадибек (ғылыми жетекшісі аға оқытушы Арыстамбаева А.З.), пенЖазыкбаева Эльмира(ғылыми жетекшісі э.ғ.к., доцент Алтаев Б.Ш.), 3-орындыДжусупов Олжас(ғылыми жетекшісі э.ғ.к., доцент Алтаев Б.Ш.),пенӘбдірешова Меруерт (ғылыми жетекшісі э.ғ.к., доцент Баймуханова С.Б. ) иеленді. «Баяндаманың инновациялылығы»және «Мәселені зерттеудегі қолданбалылығы» номинациясында Алдаберген Назерке(ғылыми жетекшісі аға оқытушы Арыстамбаева А.З.)және Токтабаева Айгерім(ғылыми жетекшісі э.ғ.к., доцент Алтаев Б.Ш.), «Баяндама өзектілігі» номинациясында Идрисова Гульнар(ғылыми жетекшісі э.ғ.к., доцент Байдаулетов М.Б.), «Зерттеліп отырған тақырыпқа жағашыл көзқарас» номинациясында Байсалова Ботагөз(ғылыми жетекшісі э.ғ.к., доцент Баймуханова С.Б. ), «Секция жұмысына белсенді қатысушы» номинациясында Балкибаева Ақерке(ғылыми жетекшісі э.ғ.к., доцент Алтаев Б.Ш.), Адасбекова А., Абдолова Рыскул (ғылыми жетекшісі э.ғ.к., доцент Баймуханова С.Б.)мен Байжасарова Айгерім(ғылыми жетекшісі аға оқытушы Арыстамбаева А.З.)марапатталды.


Құрметті әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті студенттері!

Сіздерді ҚазҰУ, ҚР Аудиторлар Палатасы және Сертификатталған Бухгалтерлер мен Аудиторлардың евразиялық Кеңесінің бірлескен жобасына қатысуға шақырамыз:

Диплом+Сертификат = Түлектеріміздің бәскеқабілетті артықшылығы = нарықтағы қажеттілігі

ҚазҰУ студенттерінде осы жоғары оқу орнының дипломымен қатар өздерінің нарықтағы қажеттілігін арттыратын ерекше мүмкіндік пайда болп отыр: оқу үдерісінен қол үзбестен арнайы дайындықтан өтуге және СIPA халықаралық сертификаттау бағдарламасы бойынша САР-Сертификатталған Бухгалтер Практик сертификатын алу мақсатында емтихан тапсыруға мүмкіндік алады. 2012 жылдың 1 қаңтарына дейін СIPA бағдарламасы бойынша бұрынғы Кеңес Одағының 11 елінде 80000 астам адамдар дайындықтан өткен және 15000 астамы САР сертификатын иеленушілер болып табылады. Олардың 5000 – Қазақстанның өкілдері. САР/СIPA бағдарламасы бүгінгі күні экономиканың нақты секторы үлкен сұраныс танытып отырған және көптеген мемлекеттік корпорацияларда пайдалнуға ұсынылған Қазақстандағы басты сертификаттау бағдарламасы болып табылады. САР сертификатын иеленген, жоғары білімді және қажетті еңбек өтілі бар тұлғалар Қазақстанның Кәсіби Бухгалтері сертификатын жеңлдетілген түрде алу құқығына ие болады. Сертификатты 11 елдің 30-дан астам кәсіби ұйымдарының мойындауы Қазақстанна тыс жерлерде жұмыс орнын іздестіруге мүмкіндік туғызады. Емтиханды табысты тапсыру және сертификатты иелену жөніндегі толық ақпаратты СIPAEN кеңсесінде білуге болады, тел.: 8(727)247-16-09, 247-16-10 немесеwww.cipaen.kzсайты.

Сертификатты алу мақсатында келесі пәндерден емтихан тапсыру қажет: Қаржылық есеп 1, Басқару есебі 1, Салықтар, Құқық.

Тапсырылған СIPA емтихандарын ҚР аудиторы біліктілігі үшін тапсырылатын емтихандар ретінде де есепке алу мүмкіндігі бар.

Әрбір курс үшін әдеттегі баға 40000-60 000 теңге аралығында.«Есеп және аудит» кафедрасы әр курс үшін 25000 теңге төлеуді ұсынады.

Әрбір емтихан үшін әдеттегі баға 17500 теңге.Студенттер үшін емтихан бағасы 12500 теңге (ҚазҰУ студенті билеті бар болған жағдайда).

Жақын арадағы емтихан сессиясы 2012 жылдың 16-19 наурызында болады. Студенттердің нақты бір топтары үшін кезектен тыс сессия ұйымдастырылу мүмкіндігі бар. Толық ақпарат үшін әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің «Есеп және аудит» кафедрасына хабарласыңыз.

Байланыс тел.:3 77 33 37 (1403 – ішкі номер) Султанова Бакыт Битахановна

87014433311 Катаева Гүлім Бектұрсынқызы