Халықаралық қатынастар факультетінің ғылыми мектебі

Ж.О. Ибрашев Республикадағы жаңа ғылыми бағыттың негізін салды. 1997 ж. ҚР Ғылым Министрлігі - Ғылым Академиясы ғылыми кадрларды аттестациялау Департаментінің шешімі бойынша ҚазМУ-де «070015 - халықаралық қатынастар және сыртқы саясат тарихы» мамандығы бойынша Диссертациялық Кеңес ашылды. 2003 ж. «070015 - халықаралық қатынастар және сыртқы саясат тарихы» және «жалпы тарих» мамандықтары бойынша докторлық Диссертациялық Кеңес құрылды.

Ж.О. Ибрашев ғылыми педагогикалық мамандар даярлау барысында үлкен жұмыс атқаруда. Ж.О. Ибрашевтің жетекшілігімен 35 ғылым кандидаты, 10-нан аса ғылым докторлары өз диссертацияларын қорғады.

Ж.О. Ибрашевтің жетекшілігімен ең бірінші болып докторлық диссертациясын қорғаған Қ.Е. Байзақова. Тақырыбы - «Голлизмнің конституциялық көзқарастары». 2004 ж. Ф.Т. Кукеева «Еуроодақ және АҚШ» деген тақырыпта, 2005 ж. М.Ш. Губайдуллина «ГФР және Еуроодақ», К.Н. Макашева «Франция және Еуроодақ» тақырыптарында, 2006 ж. И.А. Черных «Халықаралық қатынастардың методологиясы», 2007 жылы Б.К. Сұлтанов «Қазақстан-Ресей қатынастары» тақырыптарында, 2008 ж. PhD жүйесі бойынша Г. Галинек «Еуроодақтағы проблемалы демократия» тақырыбында, 2009 ж. С.Ж. Сапанов «Еуропалық интеграция жағдайында Францияның партиялық-саяси жүйесінің даму тарихы» тақырыбында қорғады.

Ж.О. Ибрашевтың қалаған ғылыми мектептің өкілдері қазіргі халықаралық қатынастарды оқып-үйренуді жетілдіруге, аталмыш мамандық бойынша сапалы мамандар дайындау үдерісіне зор үлес қосты.