Заң факультетінің ғылыми мектебі

Заңтану – бүгінгі таңда классикалық университеттік білім беру құрылымының ажырамас бөлігі. Заң ғылымы әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің ауқымында беделді орынға ие.

Өзінің 54 жылдық тарихында факультет 15 мыңға жуық құқық саласындағы мамандарды: сот, прокуратура, ішкі істер органдары мен мемлекеттік қауіпсіздіктің жоғары білікті жауапты қызметкерлерін, нотариустарды, адвокаттарды, заңгерлерді дайындап шығарды. Заң факультеті республикамызда заң мамандарын дайындаудағы жетекші орталық болып табылады.

Факультеттің негізін қалаушылар Қазақстандағы заң ғылымдарының дамуына үлкен үлес қосқан атақты заңгер-ғалымдар болған. Олардың қатарларында проф. Т.М. Культелеев, С.З. Зиманов, К.А. Абжанов, Ю.Г. Басин, К.С. Ургеншбаев, А.Н. Таукелев, С.Н. Савицкий, А.М. Агушевич, А.А. Филимонова, Б.Б. Базарбаев, Г.Ф. Поленов, Б.Д. Бектебаев, М.Н. Сыздықов, С.С. Сартаев, Ш.М. Мажитов, А.Ж. Жақыпова, Н.Б. Мұхитдинов, К.Х. Халиков, К.Ф. Котов, К.А. Шайбеков, С.Б. Байсалов, В.А. Ким, К.А. Беғалиев, М.А. Сәрсембаев, Е.Г. Жәкішевтер бар.

Заң факультетінің ғылыми беделі оның жоғары білікті ғылыми кадрларды дайындауға қосқан зор үлесімен айқындалады. Мұнда құқық саласындағы көптеген мамандықтар бойынша докторлық және кандидаттық диссертацияларды қорғауға арналған екі диссертациялық кеңес тұрақты жұмыс істейді.

Ғылыми кадрлардың дайындығы магистратура, аспирантура және PhD докторантурасы арқылы жүргізіледі.

Ғалымдардың ғылыми зерттеулері заң ғылымдарының теориясын жетілдіру мен өндіріс сұраныстары қамтамасыз ету қажеттілігінен туындайды. Заң факультетінің қазіргі кездегі құрылымы, оның профессорлық-оқытушылық құрамының қалыптасуы, ғылыми потенциалының құрылуы бірнеше кезеңдерден өтті.

Заң факультетінің дамуының барлық кезеңдерінде оның қызметі Қазақстанның қоғамдық өмірімен, еліміздің экономикасының қажеттілігімен, құқық саласындағы жоғары білікті ғылыми, тәжірибелі кадрлармен қанағаттандыруымен тығыз байланыста болғанын айта кеткен жөн.