Тарих факультетінің ғылыми мектебі

Тарих мектебі тарих ғылымының түрлі мәселелерімен, олардың ішінде отан тарихының, дүниежүзі тарихының, деректану мен тарихнаманың, археологияның теориялық, әдістемелік және тәжірибелік мәселелерін ғылыми негізде зерттеумен айналысып жүрген барлық ғылыми қызметкерлердің, факультеттің түлектері мен оның бүгінгі мамандарын қамтитын үлкен ғылыми орта.

Отан тарихының дамуына елеулі үлес қосқан ғалымдар Е. Бекмаханов – т.ғ.д, профессор, Қазақстан тарихы кафедрасының негізін қалаушы; Д.И. Дулатова – т.ғ.д., профессор; С.Қ. Жақыпбек – т.ғ.д., профессор; Қ.С. Қаражан – т.ғ.д., профессор; Т. Омарбеков – т.ғ.д., профессор, Қазақстан Республикасы Әлеуметтік ғылымдар Академиясының академигі.

Қ.Т. Жұмағұлов т.ғ.д., профессор, «Құрмет» орденінің иегері дүниежүзі тарихының дамуына үлкен үлес қосты.

Қ.М. Атабаев т.ғ.д., профессор деректанудың ұлттық мектебінің негізін қалауға үлес қосты.

Археологияның дамуына үлес қосқандар қатарында А.М. Оразбаев т.ғ.к., доцент, Қазақстанның тұңғыш маман археологы, Археология және этнология кафедрасының алғашқы меңгерушісі; У.Х. Шәлекенов – т.ғ.д., профессор, Ұлы Отан соғысының ардагері және Ә.М. Оразбаевтың шәкірттері – тарих ғылымдарының докторлары, профессорлар - Ә.Т. Төлеубаев, М. Елеуов,Ж.Қ. Таймағамбетов.