Журналистика факультетінің ғылыми мектебі

Журналистика факультетінде журналистиканың тарихы мен қазіргі журналистиканың өзекті мәселелеріне, жарнама, қоғаммен байланыс және телерадионың тиімділігіне, жаһандану жағдайында он-лайн журналистиканың ерекшеліктеріне т.с.с. мәселелерге қатысты белсенді түрде ғылыми зерттеулер жүргізілуде. Факультетте «ҚазҰУ Хабаршысы. Журналистика сериясы», «Отандық журналистика тарихынан» ғылыми жинақтары және «Жас ғалым» ғылыми журналы шығарылады.

Қазақ журналистикасының ғылыми негізін қалаған Х. Бекхожин, Т. Амандосов, Т. Қожакеев, М. Барманқұлов, М. Дмитровский, Ю. Крикунов т.с.с. ғалымдар еңбектері негізгі құндылықтар болып табылады. Факультетте, с.ғ.д., профессор Ғ.Ж. Ыбраева, т.ғ.д., профессор Л.С. Ахметова, т.ғ.д., профессор С.Қ. Қозыбаев, ф.ғ.д., профессор А.Ф. Мархабаев, ф.ғ.д., профессор Н.О. Омашев, ф.ғ.д., профессор Ш.И. Нұрғожина,, т.ғ.д., С.Х. Барлыбаева, ф.ғ.д., Қ.Т. Тұрсын т.б. 20-дан астам ғылым кандидаттары, доценттер еңбек етеді.Сонымен қатар журналистиканың ғылыми мектебін жалғастырып келе жатқан А. Бейсенқұлов, К. Хамзин, К. Қабылғазина, А. Мектеп, Т.Көпбаев, Д. Баялиева, Е. Дудинова, Қ. Әбжанов, С. Нұрбеков т.с.с. көптеген ғалымдар легі бар. 2009 ж. сәуірде факультеттің жас ғалымдары мен студенттері III-халықаралық жас ғалымдар конгресіне қатысып, 300-ден астам ғылыми жұмыстар ұсынылды.

Журналистика мәселелерін зерттеу факультетте негізгі 4 бағытта жүргізіледі. Олар:

- ҚР Ғылым және Білім Министрлігі тендерлері мен гранттарына қатысу;

- журналистикаға қатысты ғылыми көпшілік басылымдар шығару;

- халықаралық, республикалық форумдар, конференцияларға, дөңгелек үстелдерге қатысу;

- қазіргі қазақстандық журналистика мәселелерін зерттеуді түбегейлі жалғастыру, қорғалған жұмыстарды жүйелеу, сараптау, жинастыру.