Химия факультетінің ғылыми мектебі
Химия факультеті Қазақстандағы химия білімі мен ғылымының өркендеуінің ірге тасы болып қаланды.
Академик Ә.Б. Бектұров Казақстан фосфорит шикізатын өңдеудің химтехнологиясы саласындағы зерттеулердің фосфат мектебін құрды.
ҚазКСР ҒА корреспондент-мүшесі, проф. Б.А. Бірімжанов гидрохимия негіздерін және континенталды тұз түзілу теориясының негізін қалады.
ҚазКСР ҒА корреспондент-мүшесі, проф. И.Н. Әзербаевтың есімі органикалық химияның қалыптасуымен байланысты. ҚазКСР ҒА корреспондент-мүшесі, проф. А.Ш. Шәріпқанов азотты гетероциклдар химиясын дамытты, ал Т.К. Чумбалов табиғи қосылыстар химиясын зерттеді.
Академик М.Т. Козловский «Амальгаммалар химиясының» ғылыми бағытын қалыптастырды. ҚазКСР ҒА корреспондент-мүшесі, проф. О.А. Сонгина сирек элементтер химиясының негізін қалады.
Физикалық химия, ерітінділер, қышқылдар мен негіздер теориясының іргесі қалануына академик М.И. Усановичтің мектебі негіз болды.
Академик Д.В. Сокольский катализ мектебін ашып, ерітінділердегі каталитикалық гидрогенизация теориясының негізі қаланды. ҚР ҰҒА академигі Қ.А. Жұбанов өндірістік катализ теориясының негізін қалады және процестерді өндіріске енгізді.
ҚР ҰҒА академигі Б.А. Жұбанов ЖМҚ химиясы саласында поликонденсациялық процестерді, ал академик Е.Е. Ерғожин ион алмасу химиясы мен мембранды технологияны дамытты. Профессор Қ.Б. Мұсабеков БАЗ коллоидтық химиясын құрды.
Қазақстандағы химиялық физиканың дамуы проф. Г.И. Ксандопуло және проф. З.А. Мансұровтың зерттеулерімен байланысты.






