Физика факультетінің ғылыми мектебі
Факультеттің алғашқы кафедрасы болып, 1934 жылы профессор В.Ф.Литвинов басқарған жалпы физика кафедрасы болды.
1951 жылдан ірі ғалым және дарынды ұйымдастырушы профессор Вулис Л.А. кафедрада жылу және массатасмалдау, жылу- және массаалмасу салалардағы зерттеулерді дамытты.
Жалпы салыстырмалы теориядағы денелердің қозғалыс мәселелері бойынша бағыт Н.М. Петрованың есімімен тығыз байланысты. Әрі қарай бұл ғылыми бағытты ҚР ҰҒА академигі М.М. Әбділдін өзінің шәкірттері мен әріптестерімен бірге дамытуда.
ҚР ҰҒА академигі Ж.С. Такибаев Қазақстандағы жаңа ғылыми бағыттың, күшті және әлсіз әсерлесуге байланысты физиканың негізін қалаушысы болып табылады.
Профессор Л.И. Шмонин есімі зат құрамын ядро-физикалық тәсілдерді қолдана отырып, пайдалы қазбаларды іздеуге және өңдеуге бағытталған зерттеулермен байланысты.
Доцент П.П. Полатбековтің басшылығымен оптика және спектроскопия саласы бойынша сәулеленудің өте сезімтал дозиметрлерін жасаудың принциптерін қарастыратын, денелердің құрамы мен қасиеттерін спектроскопия әдісімен аңықтау бойынша зерттеу жұмыстарын жүргізді.
ҚР ҰҒА академигі Ф.Б. Баимбетовтің есімі Қазақстандағы плазма физикасының пайда болуы және оның дамуымен тығыз байланысты.
1967 жылы ҚазМУ-да ҚСРО ҒА академигі М.И. Корсунскийдің басшылығымен қатты дене физикасы кафедрасы құрылды.
ҚР ҰҒА академигі Ш.Ш. Сарсембинов құрылысы бейберекет жартылай өткізгіштер физикасын саласындағы зерттеулердің дамуына үлкен үлес қосты.
ҚазҰУ профессоры Т.И. Таурбаевтың басшылығымен жүргізілген зерттеулер Қазақстан үшін Күн энергиясының фотоэлектрондық түрленуі бойынша жаңа ғылыми бағыт болды.






