МАҢЫЗДЫ АҚПАРАТ

"Студенттік көктем-2012" байқауының іріктеу кезеңдері басталды

13.02.2012

Бірінші кезең: Іріктеу кезеңінің өткізілуі

Іріктеу кезеңі 20-24 ақпан аралығында кесте бойынша Студенттер сарайында «Жастар рухани орталығында» өтеді. Бұл кезеңде әр факультет ұжымы төмендегі номинациялардың барлығын қамтыған концерттік бағдарлама немесе белгілі бір тақырыпта мюзикл дайындайды.

Ары қарай оқу >>

Жігері жалындаған жас әншілер

10.02.2012

«Ән – көнілді ажары» демекші, адамның рухын көтеретін де, көңілін құлазытатын да және жайнатып жадырататын да ән. Бірінші кезекте әуен жақсы болғанмен, сөз құдіретінсіз әннің бағы жануы тағы да екіталай. Екеуі бір жерден үйлесім тапқаннан кейін ғана ол жүректерге жол тартады…

Ары қарай оқу >>

«Сегіз қырлы, бір сырлы» жігіттер

09.02.2012

Соңғы кездері ҚазҰУ-дың жас әншілері бірнеше кубоктар мен дипломдармен марапатталды. Осы орайда университетіміздің «Сегіз қырлы, бір сырлы» жігіттерінен құралған студенттік «Қайнар» тобын ерекше атауға болады.

Ары қарай оқу >>

Өнерлілер Қытайда өнерлерін көрсетіп қайтты

05.01.2012

Білімнің қарашаңырағы ҚазҰУ-да шексіз білім алумен қатар өнерлі жастарға қолдау үнемі қарастырылатыны көңілге қуаныш ұялатады. Жақында ректорымыз Ғ.М.Мұтановтың қолдау көрсетуімен бір топ ҚазҰУ студенттері мен қызметкерлері Ланьчжоу және Хайнань провинциясында өткен студенттік фестивальге қатысып қайтты.

Ары қарай оқу >>

Таланттар топ жарған күн

17.11.2011

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дің Студенттер сарайында Халықаралық Студенттер күніне және Ел тәуелсіздігінің 20 жылдығына арналған «1-курс ТАЛАНТТАРЫ» көркемөнерпаздар байқауының гала-концерті өтті. Байқаудың ұйымдастырушылары университеттің Тәрбиесі жұмысы жөніндегі департаменті мен Студенттер клубы.

Ары қарай оқу >>

АРУЛАР МЕН СҰЛТАНДАР СЫНҒА ТҮСТІ

07.11.2011

Кеше әл –Фараби атындағы ҚазҰУ-дің Студенттер сарайында «Ана тілі аруы» «Жігіт сұлтаны» -2011 байқауының ақтық сайысы өтті. Жыл сайын дәстүрге айналған «Ана тілі» аруы» және «Жігіт сұлтаны» байқауы биыл Ел Тәуелсіздігінің 20-жылдығына арналды. Аталған байқаудың ұйымдастырушысы – әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің тәрбие жұмысы жөніндегі департаменті мен Студенттер сенаты.

Ары қарай оқу >>

Өнерлілер өрге жүзер

01.11.2011

Бүгінде тәуелсіз Қазақстанның 20-жылдық мерейтойы елімізде кең көлемде аталып өтуде. Соған дәлелдің бірі, әрі бірегейі жақында өткен қалалық студенттердің арасында өткен «VIVAT, Қазақстан!» әскери-патриоттық әндер байқауы болды десек артық болмас.

Аталған өнер фестиваліне өзге студенттерден бөлек әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Студенттер клубының жанындағы «Бақыт» би ансамблі – (жетекшісі Бақыт Есмұхамбетова), «Вокал және эстрада» - үйірмесінің әншілері (жетекшісі - Алтын Айниязова), хор үйірмесі (жетекшісі – Саида Құрманғазиева), «Біз» театрының (жетекшісі – Ғалымжан Сайлаубаев) студенттері қатысып, жүлделі орындарға ие болды.

Ары қарай оқу >>