Іс-шаралар

28.10.11ж

«Достық шаңырағы астында»

Қазан айының 28 жұлдызында Алматы қаласындағы Білім басқармасына қарасты Н. Островский атындағы зағип және нашар көретін балаларға арналған №4 арнайы мектеп-интернатында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 20- жылдығына арналған көп ұлтты еліміздің ұлтаралық бірлігін тағы да бір ұлықтап өткен «Достық шаңырағы астында» фестивалі өткен болатын.

Қатысушылардың өнері


Аталмыш фестивальға әр сынып бір ұлт өкілдерін алып, сол алынған ұлттың тарихы мен салт- дәстүрін , әдет-ғұрпын, ұлттық киімдерін, музыкалық өнерін, өздеріне тән ас мәзірін көрсетіп сайысқа түсті. Сайысқа барлығы 6 ұлт өкілдері қатысты: қазақтар, орыстар, украиндер, ұйғырлар, өзбектер, кәрістер.

Сайыстың барысын қара қылды қақ жарған қазылар бағалаған болатын. Сайыста үздік деп танылған орыс халқының өкілдері (6-сынып) «Бас жүлдені», өзбек халқы 1-орынды алып, оларға түрлі-түсті теледидарлар сыйланды. Екінші орын алған кәрістер (11-сынып), ұйғырлар (8-сынып) сыйлыққа әдемі сурет туындыларына ие болды. Қазақтар (7-сынып) мен украиндер (10-сынып) ынталандыру сыйлықтарына ие болды.

Қазақ халқы – қонақжай, кең пейілді халық. Осы күні мектеп-интернатқа «Көмек» еріктілер тобымен қатар арнайы қонақ келген болатын. Атап айтсақ, Алматы қаласы, Әуезов аудандық «Нұр-Отан» халықтық демократиялық партия төрағасының бірінші орынбасары.

Фестиваль аяқталғаннан кейін мектеп дәлізінде ұзақ уақыт кәрістердің тіскебасарларының, орыстардың құймақтарының, қазақтардың қазыларының, украиндардың нандарының, өзбектердің қауындарының, ұйғырлардың самсаларының иістері аңқып тұрды. Осы мектеп-интернат тамаша фестиваль арқылы басқа мектептерге, білім мекемелеріне үлгі боларлықтай!

21.10.11ж

«Қыз сыны»

Қазан айының 21 жұлдызында Алматы қаласындағы Білім басқармасына қарасты Н. Островский атындағы зағип және нашар көретін балаларға арналған №4 арнайы мектеп-интернатында қыздарды әр түрлі қырынан сынайтын «Қыз сыны» байқауы болды.

Байқаудың басты мақсаты – қазақ халқының салт-дәстүрімен басқа ұлт өкілдерін терең таныстыру.

Көрермендер


Байқаудың барысына келер болсақ, алғашқы бөлімде мектептің дарабоздары өздерін түрліше таныстырып өтсе, екінші бөлімде алдын ала берілген тапсырма бойынша өздері арнайы арнап тіккен көйлектерімен көрермендер қауымын тәнті етті. Келесі бөлімде «Мимика-Пантомима» жанрлары бойынша іс-әрекет көрсетіп, жанкүйерлерді ду күлдірді. Төртінші бөлімде қыздар өздерінің тек түрлері ғана емес, сонымен қатар ойлары да әдемі екенін көрсетіп, салт-дәстүрлерден, қазақ аңыздарынан, ертегілерінен, түрлі пәндерден дайындалған сұрақтарға ұтымды жауап беруге тырысса, соңғы бөлімде арулар өздерінің он саусағына бал тамған аспаз екендіктерін көрсетіп, бар-жоғы 4 дәмнен тамаша ас дайындады.

Арулар жалпы бес кезеңнен тұратын түрлі сындардан өтті. «Мектеп аруы-2011» атағымен қоса «Бас жүлдені» Баракова Айнұр еншіленді.

"Көмек" еріктілері "Көмек" еріктілері балалармен бірге

Бұл мектепте елдің есінен ұзақ уақытқа сақталар тамаша бір кеш өткеніне бәріміз де куә болдық және сондай кештердің әлі боларына сенімдіміз.

29.02.12ж

«Көмек» еріктілер қозғалысының ұйымдастыруымен өткен «Вокалдық, аспаптық және би» концерті

Ақпан айының 29 жұлдызында «Көмек» еріктілер қозғалысының ұйымдастыруымен Қазақ Ұлттық Университеті, механика-математика факультетінің үлкен залында «Вокалдық, аспаптық және би» концерті болып өтті.

Шараның басты мақсаты – арнайы мектеп-интернат балаларының және басқа да мүмкіндіктері шектеулі балалардың аспаптық, вокалдық және би өнерлерін дамытуына көмек көрсету. Концертке 7 мектеп-интернаттың балалары қатысты.

Осы концерттен №4 арнайы мектеп-интернатының балалары да тыс қалып қойған жоқ. Дәлірек айтсақ, зағип және нашар көретін балаларға арналған бұл мектеп-интернаттан:

1) Аспаптық өнері жағынан:

  • Ғалымұлы Ардан домбырадағы «Ерке сылқым» күйімен шықты.
  • «Фантазия» тобының скрипкамен орындауында «Кукарача».

2) Би өнері жағынан:

  • Шалқар Бекарыс «Smooth criminal beti it» атты Майкл Джексон үлгісіндегі биімен көрермендерді таң қалдырды.
  • Жунисбекова Гүлім, Баракова Айнұр және Шалқар Бекарыстың орындауында тағы да Майкл Джексон үлгісіндегі би.


Қатысушылардың өнерлерін әділқазы алқалары әділ бағалап отырды. Сонымен қатар, бұл кешке Жеңісхан және т.б. сияқты атақты өнер жұлдыздары қатысты. ҚазҰУ-ның өнерлі студенттері де балалардың алдында өз өнерлерін аяған жоқ. Концерт соңында өнер көрсеткен әрбір бала сыйлықтар мен мақтау қағаздарынан құр қалған жоқ. Концерт қызықты да, көңілді өтті және аталған шара өз мақсатына жетті деп ойлаймыз.




7.03.12ж

«Ару қыздар»

Наурыз айының жетінші жұлдызында Алматы қаласындағы Н. Островский атындағы зағип және нашар көретін балаларға арналған № 4 арнайы мектеп-интернатында көктемнің алғашқы мерекесі – 8 наурыз - халықаралық әйелдер күніне арналған жырдан шашу, биден шашбау төгілді, бір сөзбен айтқанда, мерекелік концерт болып, оқушылар өздерінің өнерлерін ортаға салып, баршы жұртты тәнті етті.

Осы кештің шымылдығы түрілгеннен, мәресіне жеткенге дейін шапалақтан жаңбыр жауып, таңғалыстан найзағай ойнаған болатын.

Көңілдерінде кірбің жоқ бала көңіл балғын жеткіншектер өздерінің жырларын, әндері мен өлеңдерін, билері мен күйлерін, барлығын ару ханымдарға, аяулы аналарға, дарынды ұстаздарға, жалпы әлемдегі бар сұлулықтың иесі қыз деген жаратылысқа арнап жатты.

Осы кештің көркін қыздыра түскен Б. Шалқардың орындауында попп королі Майкл Джексон үлгісіндегі биі баршы жұртты тәнті етсе, Д. Смақовтын «Ана» өлеңі барша көрерменнің көзіне жас үйіртті.

Б. Шалқардың орындауында попп королі Майкл Джексон үлгісіндегі биі

Кеште би билеген «Фантазия» би ансамблі «Чумачедчая весна» әніне шығарған билері барша қауымның көңілінен шықты.

Бұл кеште ҚазҰУ еріктілері де қалыс қалмай, сыныптарға көмек көрсетіп қол ұшын созды. Сахнаны безендіруге, қажетті заттарды табуға атсалысқан еріктілерге деген оқушыларддың алғысы шексіз.

ript>X-NONEript> MicrosoftInternetExplorer4

Наурыз айының жетінші жұлдызында Алматы қаласындағы Н. Островский атындағы зағип жіне нашар көретін балаларға арналған № 4 арнайы мектеп-интернатында көктемнің алғашқы мерекесі – 8 наурыз халықаралық әйелдер күніне арналған жырдан шашу, биден шашбау төгілді, бір сөзбен айтқанда мерекелік концерт болып, оқушылар өздерінің өнерлерін ортаға салып, баршы жұртты тәнті етті.

Осы кештің шымылдығы түрілгеннен, мәресіне жеткенге дейін шапалақтан жаңбыр жауып, таңғалыс игарадан найзағай ойнаған болатын.

Көңілдерінде кірбің жоқ бала көңіл балғын жеткіншектер өздерінің жырларын, әндері мен өлеңдерін, билері мен күйлерін, барлығын ару ханымдарға, аяулы аналарға, дарынды ұстаздарға, жалпы әлемдегі бар сұлулықтың иесі қыз деген жаратылысқа арнап жатты.

Осы кештің көркін қыздыра түскен Б. Шалқардың орындауында попп королі Майкл Джексон үлгісіндегі биі баршы жұртты тәнті етсе, Д. Смақовтын «Ана» өлеңі барша көрерменнің көзіне жас үйіртті.

Кеште би билеген «Фантазия» би ансамблі «Чумачечия весна» әніне шығарған билері барша қауымның көңілінен шықты.

Бұл кеште ҚазҰУ еріктілері де қалыс қалмай, сыныптарға көмек көрсетіп қол ұшын созды. Сахнаны безендіруге, қажетті заттарды табуға атсалысқан еріктілерге деген оқушыларддың алғысы шексіз.

Қорыта келе айтарым, осынау игі мерекні көргенде арманда, көрмеген арманда екені наө, осығңан дәл сенімдемін.