Хор үйірмесі


Хор үйірмесі – жетекшілері Құрманғазиева Саида және Кубенова Азель. Үйірмеге университет колледжінің 150 студенті қатысады. Хор үйірмесінің репертуарында 22 шығарма бар.
Атап айтар болсақ студенттік гимн «Gaudeamus»; Н.Назарбаевтың сөздеріне жазылған, Б.Тілеухановтың әндері – «Елім менің», «Жерім менің»; Б.Байқадамовтың «Би күйі», «Су тасушы қыз» шығармалары; М.Мақатаевтың сөзіне жазылған, Н.Тілендиевтің әні «Саржайлау»; М.Шахановтың сөзіне жазылған Ш.Қалдаяқовтың әні «Арыс жағасында»; Ирвинг Берменнің әні «Dutlin ok The Ritz» т.б. көптеген шығармалар бар.
Студенттік хор







