Байтенова Нағима Жаулыбайқызы

Байтенова Нағима Жаулыбайқызы

Философия ғылымдарының докторы, профессор

1980 жылдан қазірге дейін әл-Фараби атындағы ҚазҰУ–да оқытушы, аға оқытушы, доцент, профессор, кафедра меңгерушісі қызметтерін атқарды. әл-Фараби атындағы ҚазҰУ–дағы жалпы еңдек өтілі 31 жыл. 1998 жылдан бастап философия ғылымдарының докторы, 2000 жылы профессор болды. Көптеген философиялық пәндер бойынша дәрістер оқыды, соның ішінде жалпы философия, философия және ғылым методологиясы, алқазіргі уақытта дінтанулық бағыттағы курстар бойынша дәріс оқуда. 10 жыл көлемінде философиялық ғылымдар бойынша докторлық диссертация кеңесінің төрағасы қызметін атқарды. Бірнеше жыл ғалым хатшы, ҚР ЖАК жанындағы сараптау кеңесі төрағасының орынбасары, «Философия. Саясаттану. Мәдениеттану» сериясы бойынша Хабаршы журналының ғылыми редакторы қызметін атқарды. 200 ден астам ғылыми жарияланымдары, соның ішінде монография, оқулықтар, оқу құралдары, шетелдік жарияланымдары бар. ҚР БжҒМ әртүрлі ғылыми жобалары мен гранттарының жетекшісі болып табылады. «Үздік оқытушы 2006 ж.», ҚР БжҒМ «үздік ғалым» номинациясы бойынша грант иегері (2009-2010). «ҚР ғылымын дамыту жолындағы еңбегі үшін» (2008) төсбелгісімен марапатталған. 5 ғылым докторы мен 15 тен астам ғылым кандидаттарын дайындаған.