Mass-media about KazNU

"Президент және халық" Республикалық қоғамдық-саяси газеті

9/10/2010

10 қыркүйек 2010 жыл

ШЫҰУ – білімдегі ұтқыр байланыс кепілі

8-қыркүйекте Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі мен Қазақстандағы Шанхай Ынтымақтастық Ұйымы және ТМД елдерінің желілік университетін құрайтын жоғары оқу орындары басшыларының кезекті мәжілісі өтті. әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде орын алған бұл мәжіліс осымен екінші рет өткізіліп отыр. Астанада өткен алғашқы бас қосуда Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі мен Қазақстандағы ШЫҰ және ТМД Желілік университетін құрайтын ЖОО басшыларының есебі тыңдалып, 2010 жылы пилоттық жобаларды іске асыру, ШЫҰ және ТМД-ның Желілік университетінде оқу гранттарын бөлу мәселелері талқыланған болатын.

Read more >>

«Алаш айнасы» Республикалық қоғамдық-саяси ақпараттық газет

9/10/2010

10 қыркүйек 2010 жыл

Адам университеті бізде қонақта

Кешеден бері әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде Польшадағы Адам Мицкевич университет өкілдерімен кездесу өтуде. Қонақтардың құрамында Қазақстандағы Польша елшілігінің өкілдер, Шығыстану институтының профессоры Марек Гавенцкий және азиятану кафедрасының профессоры Хенрык Янковский бар. Адам Мицкевич университетінің сапары «Еуропаға жол» Мемлекеттік ынтымақтастық бағдарламасы аясында өтпек.

Read more >>

«Қазақ ақпарат агенттігі (ҚазАқпарат)» Ұлттық компаниясы

9/10/2010

09.09.2010 / 18:42

Польшаның Адам Мицкевич университетінің өкілдері ҚазҰУ-да болды

АЛМАТЫ. Қыркүйектің 9-ы. ҚазАқпарат /Әділет Мұсахаев/ - Бүгін Польшаның жетекші білім ордасы саналатын Адам Мицкевич университетінің білім және халықаралық ынтымақтастық жұмысы бойынша проректоры Яцек Виткость бастаған делегация әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-ге келді, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚазҰУ-дің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Read more >>