«Мен таңдаған мамандық»

2/16/2022

Views: 2059

АЖ-1908 тобының студенттеріне мамандық әлемінде өзін-өзі тани білуіне, дүниетанымын кеңейтуіне үлес қосу және қоғам алдындағы үлкен жауапкершілігін қалыптастыру мақсатында кураторлық сағат өтті. Студенттермен мамандықты дұрыс таңдау жайлы және қазіргі таңдағы отандық IT саласының дамуы жайлы сөз қозғалды. IT – еңбек нарығындағы қоғамға қажетті және үлкен сұранысқа ие қызметтер жайлы және осы қызметтерге қажетті білім мен білік туралы мәліметтер айтылды.

Мамандық таңдау – өте жауапкершілікті және маңызды іс. Мамандық таңдауда әр адам өзінің қызығушылығына, қабілетіне, бейімділігіне, қалауына сүйену керек. Қазіргі таңда мамандықтың түрі көп. Таңдау жасау оңай емес. Ең бастысы – адам еңбекке қабілетті, зейінді болуы қажет және оның мамандығы өзі өскен ортаға маңызды, бағалы үлес қосатындай болуы шарт.

Отандық IT-сала жаһандық IT-индустрияның бір бөлігі болып табылады. IT-мамандық бүкіл әлемде үнемі трансформация процесінде, ал осы саладағы қызметкерлер жаһандық процестердің қатысушылары болып табылады. Нәтижесінде, отандық еңбек нарығында IT мамандарына деген сұраныс зор. Жұмыс саласының ерекшелігіне қарамастан, бағдарламалық өнімдер мен операциялық жүйелер (software) немесе құрылғылар мен девайстар техникалық тұрғыдан (hardware) болсын, IT-мамандар адам мен компьютердің өзара әрекеттесу мүмкіндігі, оны қолдау және ақауларды жою үшін жағдай жасау және әзірлеу мәселелерімен айналысады. Осылайша, ақпараттық технологиялар саласындағы мамандар ақпараттық технологиялардың қазіргі өмірге ену мүмкіндігін қамтамасыз етеді.