The Importance of Distance Learning During Coronovirus

Бүкіл әлемге келген нәубет – «COVID-19» вирусы біздің елімізге де жетіп, ел басына бірқатар қиыншылықтар туғызды.

Осы нәубетті алдын алып, оқушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында, еліміздегі оқу жүйесі - қашықтықтан білім беруге көшті.

Бұл ретте, Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ - нің жанындағы Бейіндік мектебі де, қашықтықтан оқыту жұмысын сәуірдің 1-нен бастап кеткен еді. Осы қашықтықтан оқыту жүйесін мектепте сапалы енгізуде мектеп директоры Б.Ниязқызының ұйымдастырушылық қабілеті мен тәжірибесі ерекше орын алды. Көреген қолбасшының арқасында алынбайтын қамал жоқ демекші, алғашқы екі күндік дайындық 6-сәуірдегі жалпы Қазақстан Республикасы мектептерінде қамтылған қашықтықтан сабақ беру жұмысына біздің Бейіндік мектептің ұстаздары мен оқушылары 100 пайыз дайындықпен кірісті. Ата-аналардың балаларын компюьтер, ноутбук сияқты оргтехникалармен қамтамасыз еткеніне қарамастан бұл қашықтықтан оқыту жүйесі оқушы балаларға да, оқытушы ұстаздарға да әліде болса таңсық жаңа оқу жүйесі еді.

Дегенмен, бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарып кіріскен ұжымымыздың ауыз біршілігі арқасында бұл қиындықты жеңе білдік.

Әрине бұл жаңа қашықтықтан оқыту жүйесіне бірден бейімделу оңайға соқпады. Жоспарлы түрде жұмыс істеп үиреніп қалған мен үшін алғашында қиындықтар болғаны рас. Сол себепті, алғашқы екі күндік дайындық сабақтарында мектебімздің оқу ісі жөніндегі орынбасары Онғарова Ш.С. және магистрант 
Манарбек Б.М. жүргізген сабақтарына қатысып тыңдадым тәжірибе алдым. Айта кету керек алғашқы күндері «Zoom» жүйесінде қалай жұмыс істеу жөнінде география пәнінің оқытушысы Берік Ажардың көмегі көп тиді.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы №827 қаулысына сәйкес, бағдарламаның негізгі бағыттарының бірі Адами капиталды дамыту бөліміндегі қойылған талаптарды басшылыққа отырып, бүгінгі таңда атқарылып жатқан қашықтықтан оқыту жұмысына, «Zoom» бағдарламасы арқылы сабақ өткізу ыңғайлы болып тұр. Бұл жүйенің артықшылығы оқушылардың сабақ оқуына және берілген тапсырманы орындауларына уақыттың жеткілікті болуы. Тағы бір ерекшклігі тапсырманы орындау барысында оқушылар көбірек ізденісте болады.

Көш жүре түзеледі демекші, болашақта біздің жастарымыздың қашықтықтан оқыту үрдісіне толықтай кірісе алатынына сенімдімін. Біз біргеміз.  Садыков М.Б.

Publication date :  4/20/2020