«Organization of educational work of students in credit technology of education»

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Бейіндік мектебінде бекітілген жоспар бойынша 1наурыз күні «Кредиттік оқыту технологиясындағы білім алушылардың тәрбие жұмысын ұйымдастыру» тақырыбында семинар өтті. Семинарды «Педагогика және білім беру менеджменті» кафедрасының доценті, п.ғ.к., Молдасан Қуаныш Шорманқызы жүргізді. Семинар барысында кредиттік оқу жүйесіндегі тәрбие жұмысын ұйымдастыру, студенттердің ғылыми-зерттеу әрекетінің белсенділігін нығайту, оқу үдерісінде тәрбие қызметін нығайту, студенттің өзін-өзі басқаруы, бос уақытты дұрыс ұйымдастыру, т.б өзекті мәселелер қарастырылды. Оқу тобында тәрбие жұмысын ұйымдастырудағы куратор-эдвайзердің жұмысы туралы ой бөлісті.

 

 

Publication date :  5/10/2016